Павлодар прокурорлары шұғыл дабыл қағуда

Павлодар прокурорлары шұғыл дабыл қағуда – нашақорлар арзан героинды алмастырғыш тауып алды. Оны қаланың кез келген сауда орнынан сатып алуға болады. Павлодарлық нашақорлар кондитерлік көкнәрға әуес екендігіне мамандар сенімді. Олар өсімдіктің тұқымдарын ацетонмен араластырып қайнатады да, алынған уды тамырларына егеді екен.

14:24, 10 тамыз 2017   182

Павлодарлық прокурорлардың бастамасымен қаланың қадағау органдары есіркі әсері кезінде жасалған заңсыз іс-әрекеттер бойынша  сараптама жасады. Нәтижесі жан түршіктірерлік. Сараптамаға сүйенетін болсақ, 2017 жылдың алғашқы 6 айында 236 түрлі қылмыстар орын алды. Ал өткен жылы дәл осындай уақыт аралығында 171 тәртіп бұзушылық тіркелген болатын. Қылмыстың осынша жылдам өсуіне нашақорлардың арзан герионды алмастырғыш тауып алғандығы себеп болып отыр. Олар тіпті уды қарапайым кондитерлік көкнәрдан да жасап үйренген. Кондитерлік көкнәр бүкіл жерде сатылады, есесіне заңмен қудаланбайды.     

ГУЛЬМИРА КАЖИЕВА, Павлодар қаласының аға прокуроры

Қазірдің өзінде 2017 жылдың қаңтар және шілде айлары аралығында шамамен 12 килограмм есіркі тәркіленді. Олар 3 кг-нан аса наша, 1,5 кг героин және 11 кг-нан астам марихуана. Сонымен қатар тұрақты сатып алушыларын жаттап алған кей сауда орындары нашақорларға «арнайы жинақ» ұсынады деп хабарлайды қалалық прокуратура мамандары. Аталмыш «арнайы жинақ» құрамына тек көкнәр ғана емес, сонымен қатар ацетон және шприц кіреді. Құқық қорғау органдары осындай жағдайларды білетін азаматтарды «Ата-аналық бақылау» қызметін қолдануға шақырады. Бұл қызметті «Қазақтелеком» АҚ қамтамасыз етеді. Кез келген адам 55-77-08 немесе 55-26-29 нөмірлеріне хабарласа алады. 

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26