Павлодар облысының аумағында 100-ге жуық орман өрті тіркелді

Өртке қауіпті маусым басталмай жатып Павлодар облысының аумағында 100-ге жуық орман өрті тіркелді. Тілсіз жаудан болған залал 5 миллион теңгеге жуықтайды. Төтенше жағдай департаментінің мамандары осы ретте табиғатқа бей-жай қарамайтын еріктілерді көмекке шақыруда.

14:03, 17 мамыр 2017   69

Орман өртінің табиғатқа келтіретін зияны орасан. Өйткені, жасыл-желектің қайта қалпына келуі үшін ондаған жылдар қажет. Өңірімізде бұл бағытта бірқатар алдын-алу шаралары қолға алынған. Алайда, тиісті сала мамандарының келтірген деректері көңіл көншітпейді. Мәселен, сәуірдің 15-жұлдызынан бастап Павлодар облысының аумағында 86 орман өрті тіркелген екен. Яғни, жаз айлары басталмай жатып, орман алқабы тілсіз жаудың құрбанына айналған. Ал бұдан болған залал 4 миллион 580 мың теңгені құрады. Өртпен күресу үшін сала мамандары еріктілерді көмекке шақырып отыр. Қазір олардың қатарында 2544 адам бар.  Ал 540 қосымша техника қауіпті аймақтарға орналастырылмақ. 

СЕРІК ИСКАКОВ, облыстық ТЖД бақылау қызметі басқармасының басшысы 

Бүгінгі таңда Омбымен шекаралас аумақтардағы өртке қарсы жұмыстарға қосымша күш пен қаржы тарту мәселесі шешілуде. Себебі көп кезекте дәл осы өңірлерден қызыл жалың павлодар жеріне өтуде. 

ӘДІЛ ИСИН, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы бөлім жетекшісінің міндетін атқарушы 

Тұтанудың жаңа ошақтарын ерте бастан анықтау үшін құтқарушылар «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясымен келісім жасасты. Ғарыштық мониторинг төтенше жағдайлар департаменті мамандарының жұмысын біршама жеңілдетпек. Бастысы, қызыл жалыңның етек жаюына жол бермейді. 

Автор: Салтанат Нысанбекова

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26