Павлодар облысында алғашқы тау шаңғысы курорты ашылмақ

16:19, 13 қыркүйек 2017

Ол Баянауыл ауданы Қаражар ауылындағы Мырзашоқы тауында орын тебеді. Бүгінде қысқы туризмге арналған барлық керек-жарақтар әкелінген. Қысқы маусым басталысымен белсенді демалыс түріне өңір тұрғындары ғана емес, өзге қалалардың қонақтары да көптеп келеді деп күтілуде.

Мырзашоқы тауының географиялық орналасқан жері өте тиімді. Мәселен, үш шақырымдай жерде республикалық маңызы бар Павлодар-Қарағанды тас жолы бар. Бұл көрші өңірлерден туристерді көптеп тартуға мол мүмкіндік бермек. Қазіргі таңда мұнда шаңғы курортына қажетті барлық жабдықтар әкелініп отыр. Бұл – Павлодар облысындағы қысқы туризмді дамытуға серпін берді.

ӘЗІЛХАН ӘБЕУОВ, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

Таудың биіктігі 800 метрді құрайды. Бұл шаңғылы курорты үшін өте қолайлы. Мұнда бастауыш, әуесқой және экстремалды демалушыларға арналған трассалар бар. Олардың жалпы ұзындығы 11 шақырым болады. Жергілікті инфрақұрылым жайлы айтпай кетпеске де болмас. Курорттан үш шақырым жерде туристерді жыл бойы қабылдайтын «Факел» демалыс үйі жұмыс істейді. Ал демалушылардың көптеп ағылуы Қаражар ауылының дамуына жаңа серпін бермек.

 ӘЗІЛХАН ӘБЕУОВ, Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

Атап өту керек, тау шаңғысы курорты бюджеттік емес қаражатқа салынуда. Мердігер СПК-Павлодарға түркі құрылғыларын, концепция мен жобаны сатып алуға 300 миллион теңге қаржы бөлінді. Аудандық әкімдік қолдауымен электр желілері салынды. Баянауыл ауданы әкімі орынбасарының айтуынша, қазан айының соңына таман мұнда 70 орындық арқанжол бой көтереді. Ал қысқы маусым басталысымен курорт туристерді қабылдауға сақадай сай болмақ. Жазғы маусымда да аталған тау дельтапланеризм әуесқойларының көптеп жиналатын орнына айналатынын да атап өтпеске болмас. 

Тақырып бойынша материалдар

Павлодар өңірінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне бірқатар өзгерістер енгізілді
20:15, 23 қараша 2017
Павлодар өңірінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне бірқ...
Толығырақ...
Облыс әкімі өңірдегі коммуналдық және құтқару техникасының қысқа дайындығын тексерді
19:36, 23 қараша 2017
Облыс әкімі өңірдегі коммуналдық және құтқару техникасының қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Президенті «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті
19:08, 17 қараша 2017
Қазақстан Президенті «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқ...
Толығырақ...