ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ Толығырақ

Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары бірқататар мемлекеттік мекемелердің жұмысымен танысуда

16:54, 10 қаңтар 2017

Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары бірқататар мемлекеттік мекемелерді аралап, олардың жұмысымен танысты. Халық қалаулылары өңірде мемлекеттік бағдарламалардың қаншалықты жүзеге асып жатқандығын бақылады.

Мәжіліс депутаттары ең алдымен «Даму» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.  Орталық 2010 жылдан бері 134 миллиард теңгені құрайтын  734 жобаға қолдау көрсеткен. Ал, 2016 жылы 110 жаңа жоба іске асты. Өңірімізге іс-сапарымен ат басын бұрған мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев шағын және орта бизнесті дамыту жолында аталмыш мекеменің маңызды рөл атқаратындығын баса айтты. 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры облыстық филиалының директоры Ерқанат Әбенов халық қалаулыларына қолға алынған бірнеше жаңа жобалар легін таныстыра отыра, орындалған жұмыстарға қорытынды жасады.  Сондай-ақ, отандық байланыс саласындағы жаңашыл өзгерістер Парламент депутаттарының жіті назарында. Олар «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының да жұмыс барысын тексеріп, бүгінде байланыс саласында қол жеткізілген жетістіктермен танысты. 

Компания кеңсесіне арнайы келген депутаттар ID-тің жылдамдығы тағы біршама артатынын білді. Яғни, ауылдықтарды ғаламтормен қамту жұмысы қарқынды дамып келеді. 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
10:14, 20 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
10:05, 20 сәуір 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
15:01, 19 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
14:56, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
17:33, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
10:43, 17 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Толығырақ...