Павлодар облысы орман шаруашылығының өртке қарсы күрес қызметі арнайы техникалармен толықты

18:08, 19 сәуір 2017

Павлодар облысы орман шаруашылығының өртке қарсы күрес қызметі арнайы техникалармен толықты. Үш бірдей мекемеге бес өрт сөндіру, алты кіші кешенді өрт сөндіру көлігі, екі моторлы қайық пен екі трактор берілді. Еске сала кетейік, өңір мекемелеріне жаңа техника 80-жылдардың басында берілген болатын. содан бері бірталай жыл өтті. Құтқарушы темір тұлпарлардың тозығы жеткен еді, дейді-мамандар.

Өртке қарсы құтқарушы топтың қызметкері Өмірбек Әбдірахманов бұдан былай, су жаңа көлікпен жұмыс істейтін болады. Оның сөзінше, техника дәл уақытында беріліп отыр. Себебі, 14 сәуірден өрт қаупі басым маусым басталған болатын. Ал, Ертіс өңірінің 90 000 гектары жайылмалы алқап. Жаңа техниканың бір ерекшелігі, су сақтау қорының бұрынғы көліктерге қарағанда бірнеше есе үлкендігінде дейді,-орманшы.

ӨМІРБЕК ӘБДІРАХМАНОВ, Черное орманшылығының орманшысы

Жаңа техника Үрлітүп, М. Горкий мен Павлодарское орман шаруашылықтарына берілді. айта кетейік, Өрт сөндіру көлігінің орташа құны шамамен -18 миллион теңге болса, кешенді көлік 3 миллион тұрады. Сондай-ақ, Үрлітүпке қарасты Тасты шаруашылығында биіктігі 30 метрлік бақылау мұнарасы бой көтерді. Айта кетейік, Павлодар өңірінің орман шаруашылығы мекемелеріне мұндай техника 80-жылдары берілген болатын.

МҰРАТБЕК ӘЛЖЕКЕЕВ, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары бөлімінің маманы

Жаңа техниканы есепке алғанда, орман шаруашылық мекемелеріне барлығы 8 өрт сөндіру, 13 кіші кешенді өрт сөндіру көлігі, екі моторлы қайық пен екі трактор кілті табысталды.

МҰРАТБЕК ӘЛЖЕКЕЕВ, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары бөлімінің маманы

Павлодар олысында сәуір айынан қазан айына дейін өрт қауіпі бар маусым болып бекітілген еді. Былтыр осы уақыт аралығында 27 оқыс оқиға тіркеліп, 113,8 га жер өртенген болатын. Айта кетейік, мемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 173,1 миллион теңге бөлінді.

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғын үй аулаларындағы  қарды ауа температурасы жоғарыламай  тұрып, тазалау қажет
19:02, 23 ақпан 2018
Тұрғын үй аулаларындағы қарды ауа температурасы жоғарыламай...
Толығырақ...
Павлодар машина жасау зауыты биыл 5 млрд теңгенің өнімін шығармақ
18:50, 23 ақпан 2018
Павлодар машина жасау зауыты биыл 5 млрд теңгенің өнімін шығ...
Толығырақ...
«Ертіс» телеарнасы халықаралық деңгейде хабар таратуға көшті
18:39, 23 ақпан 2018
«Ертіс» телеарнасы халықаралық деңгейде хабар таратуға көшті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжірибесін қабылдайтын жетекші мектептер саны артатын болады
13:56, 21 ақпан 2018
Павлодар облысында «Назарбаев зияткерлік мектебінің» тәжіриб...
Толығырақ...
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
14:11, 22 ақпан 2018
Ұлттық Ұланның Президенттік қысқы сайысы
Толығырақ...
Мұса Шормановтың 200 жылдыған орай оқушылар арасында ғылыми тәжірибелік конференция өтті
14:46, 21 ақпан 2018
Мұса Шормановтың 200 жылдыған орай оқушылар арасында ғылыми...
Толығырақ...