Павлодар облысы «Экспо көрмесіне» азық-түліктің 30 түрін тасымалдауда

14:22, 10 тамыз 2017

Астана қаласында өтіп «ЭКСПО көрмесіне» Павлодар облысынан санитарлық талаптарға сай келмейтін 9 азық-түлік түрі жеткізілмекші болған. Абырой болғанда, оны өңірдің қоғамдық денсаулық сақтау департаменті дер кезінде анықтап, бұзылған өнімдерді кері қайтарған. Жартылай дайындалған бұл азық түлік түрлеріне бүгінде бақылау күшейтілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің облыстық департамент маманы хабарлады.

Бүгінгі таңда  Павлодар облысы Астанада өтіп жатқан  «Экспо көрмесіне» азық-түліктің 30 түрін тасымалдауда.  Жергілікті 16 кәсіпорынмен сапалы азық-түлік жеткізу туралы меморандум жасалған. Маусым айында аталмыш кәсіпорындардың бірі халықаралық көрмеге санитарлық талаптарға сай келмейтін 9 азық-түлік түрін жеткізбек болған. Жергілікті мамандар оны  дер кезінде анықтап, жартылай дайындалған  өнімдерді кері қайтарды.         

ИРИНА СОРОКИНА Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің облыстық департамент басшысы

Облыстың Бас санитариялық дәрігері Ирина Сорокинаның айтуынша,  биыл осындай  бұзылған азық-түлік түрін өткізбек болған 193 кәсіпкерге түрлі  соммадағы айыппұл салынған.

Ал  мамандар жарты жылда өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін бақылау мақсатында 273 сауда орынына тексеру жүргізді. Нәтижесінде  тауарлардан 1079 сынама алынған. Олардың 51-і қалыпты нормаға сай болмай шықты.  Негізінен тағамдарда сақталу мерзімі мен гигеналық талаптардың бұзылуы жиі орын алған. 

ИРИНА СОРОКИНА Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің облыстық департамент басшысы

Биылғы жылы бір қуантарлығы,  жаппай астан улану оқиғалары тіркелмеген.  Сальмонеллез,  ішек инфекциялары сынды аурулар көрсеткіші біршама азайған. Ал керісінше, азық-түлік өнімдеріне деген тексеру жұмыстары күшейтіліп,  алдын алу шаралары көбейген.    

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарда «Ақ кеме» драмасының тұсаукесері өтті
18:06, 23 қазан 2017
Павлодарда «Ақ кеме» драмасының тұсаукесері өтті
Толығырақ...
Ленин кентінде 50 жыл бойы шешілмей келген түйткілдің түйіні тарқатылды
18:03, 23 қазан 2017
Ленин кентінде 50 жыл бойы шешілмей келген түйткілдің түйіні...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын ашпақ
18:49, 18 қазан 2017
Павлодарлық кәсіпкерлер жаңа өндіріс орындарын ашпақ
Толығырақ...
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымдастырылды
19:00, 18 қазан 2017
Студенттерге «Серпін серпілісі» атты апталық экскурсия ұйымд...
Толығырақ...
«Туған жер» бағдарламасы аясында жасалған домбыра
19:05, 17 қазан 2017
«Туған жер» бағдарламасы аясында жасалған домбыра
Толығырақ...