Павлодар облысы әкімдігінде аппараттық жиын өтті

Павлодар облысы әкімдігінде өткен аппараттық жиын барысында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру аясында жоспарланған іс-шаралар легі талқыланды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың сөзінше, Елбасы жолдауы аясында өңірімізде 300-ге жуық шара өткізу жоспарланған.

13:59, 17 мамыр 2017   106

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында аймағымызда 242 іс-шара өткізу жоспарланған. Биылғы жылдың 15 мамырына дейін соның 44-і іске асқан. Алайда, оның төртеуі уақытында орындалмаған. Жалпы, Жолдаудағы басты басымдық экономиканы технологиялық модернизациялау арқылы дамытуға берілген. 

МАҚСАТ ТҰРЛЫБАЕВ, Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Жолдаудағы екінші басымдық – бизнес ортаны кеңейтуге бағытталған. Мәселен, бұл ретте облыс орталығының ашылмаған әлеуетін пайдалануға болады. Мыселен, Павлодар қаласының аумағында істен шыққан 160 газгольдер бар. Бұл аумақты кәсіпкерлердің қолына беріп, бизнес ортаны кеңейтуге болады.

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Елбасы жолдауын мақсатты орындау жұмыстары Павлодар өңірінде өз кезегімен жүзеге асырылуда. Мәселен, жолдау аясында «Қазақстан Алюминийі» жанармай мен көліктерге мониторинг жүргізетін жүйені енгізсе, ПМХЗ қоршаған ортаны бақылайтын өндірістік жұмыстарды жүзеге асыруды қолға алады. Бұл ретте, өңір басшысы Болат Бақауов ай сайын Жолдау бойынша орындалған тапсырмалар ретін қадағалап оытратынын айтты.

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Естеріңізге сала кетейік, жаңғырту мен инновацияға кәсіпорындар 100 миллирад теңге көлемінде қаржы жұмсамақ.

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

Айта кетейік, Павлодар облысының кәсіпорындары жаңғырту жұмыстары  мен инновоцияға 100 миллиард теңге қаржы жұмсамақ. Сондай-ақ, Жолдауды іске асыру аясында өңірімізде 2017 жылы 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орыны ашылмақ. Жоспарлар қатарында, энергия үнемдеу және жылу есептегіш құралдарды орнату жағы да қарастырылған. Жиын соңында аймақ басшысы «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты қазақсттанның үшінші жаңғыруының орындалуы жіті бақылауда болатыны айтты. 

 

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26