ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖЫЛЫТУ ПУНКТТЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

19:57, 7 ақпан 2019

Бірнеше күннен бері далада ақпанның сары аязы сақылдап тұр. Бұндай жағдайда көбіне жолаушылар жапа шегеді. Аязға қарамастан тәуекелге бел буып, сапарға шығатындар жоқ емес.

Үсіп қалмауы үшін оларды төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен тәртіп сақшылары жылыту орнына әкеліп әлек. Бүгінгі күні Павлодар облысы бойынша 175 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр. Ол жерлерде көлігі сынып, далада қалған жолаушыларды қабылдауға дайын. Павлодар облысы бойынша жылыту пункттері 24 тәулік бойы қызмет етеді. Аталмыш бекеттер көлігі сынып, суықта қалған адамдарға шұғыл түрде жәрдемдеседі. Құтқарушылар желге, суық пен боранға қарамастан жапа шегушілерді жылытып, ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Сондай ошақтардың бірі Мойылды ауылында орналасқан.   

ҚАЙРАТ БЕРТІБАЕВ – ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жылыту пунктінде ыстық тамақ беріледі. Демалатын орын қарастырылған. Біз Мойылды ауылындағы санаторийдің жылыту пунктінде тұрмыз. Мұнда барлық жағдай қарастырылған.

Шипажай қабырғасында орналасқан жылыту орталығы 100 адамға шақталған. Онда медициналық пункт, ана мен бала бөлмесі және мүгедектерге арналған орындар қарастырылған.

АЗАМАТ ӘШІМОВ – МОЙЫЛДЫ ШИПАЖАЙЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕР

Тәулік бойы жұмыс істейді. Дайынбыз. Суық қазір міне.

Қала аумағы бойынша суықта қалған азаматтарға арналған 7 орталық ашылған. Ол жерлерлерде шұғыл көмектің барлығы көрсетіледі.

 

Гүлден ТӨЛЕГЕН

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
19:01, 22 шілде 2019
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
18:55, 22 шілде 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...