ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЖЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ МӘШҺҮР ЖҮСІП МЕШІТІНДЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ

19:25, 15 мамыр 2019

Қасиетті Рамазан айы басталғалы жер-жерде ауызашар беріліп, бес парыздың бірі – оразаның мәртебесін көтеруде. Павлодар облыстық Қажылар қауымдастығы Мәшһүр Жүсіп мешітінде ауызашар беріп, 40 күн ораза тұтқан жандардың сауабын алды.

Жетінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан облыстық Қажылар қауымдастығының ауызашарында биыл 500 адам бас қосты. Берекелі жүздесуде Рамазан айының қасиеті жайлы уағыздар айтылып, құран бағышталды. Биыл Қазақстан қажылар қауымдастығының 15 жылдық мерейтойы. Осыған орай  түрлі шараларға белсене ат салысып жүретін қажылар мен көмек қолын ұсынған жандарға  төсбелгілер мен  алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, облыстық  қажылар қауымдастығына 8 жыл абыроймен төрайымдық етіп, көптеген  игі істердің бастаушысы болып келе жатқан Рымтай Сапарбекқызына қажылар қауымы өз сыйлықтарын ұсынды.
 

Гүлсара МӘЛІКОВА

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
19:19, 21 мамыр 2019
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар