ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІ ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА КЕТТІ Толығырақ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛСАТЫЛАРЫ ӘБДЕН ЕСКІРГЕН

10:54, 12 сәуір 2018

Павлодар қаласындағы тұрғын үй лифтілерінің 90 проценті әбден ескірген. Мамандар, әсіресе, облыс орталығындағы 68 жедел сатының қауіпті екенін айтуда. Алайда, осылай деп дабыл қаққан тұрғын үй инспекциясы қолдан келер шара жоқтығын да айтуда. Өйткені, лифтілер пәтер иелерінің балансына жатқандықтан, оны жаңарту жұмыстарын тұрғындар өз қаражаттарына жүргізулері қажет.

Павлодардағы жедел сатылардың жағдайы алаңдатарлық. Мәселен, облыс орталығында ұзын саны 1430 жедел саты бар десек, бүгінде соның 90 проценті нормативтік қызмет мерзімінен асқан. Яғни, 25 жылдан астам жұмыс істеген. Техникалық қауіпсіздік талаптары тұрғысынан, бұл лифтілерді қолдануға болмайды. Өйткені, адам өміріне қауіп төндіреді.

МИХАИЛ РЕДЬКО, «Павлодар лифт сервис» ЖШС директоры

Кез-келген уақытта біз болжамаған оқыс жағдай болуы мүмкін. Егер лифт 25 жыл жұмыс істесе, Кедердік одақтың регламенті бойынша біз оны утилизацияға жіберуіміз керек. Алайда, біздің лифтілер 25 жыл тұрмақ, 50 жыл жұмыс істеп келеді. Бұдан кейін не айтуға болады? Олар бір емес, екі мерзім жұмыс істеді. Сіздерге бір қызық айтайын, қазір бұл жедел сатыларға құрал саймандар да қалған жоқ. Өйткені, оларды кезінде құрастырған Самарқанд зауытының өзі жоқ.

Мамандар әуелгі кезекте Павлодардағы 17 тұрғын үйдің 68 жедел сатысын жедел түрде ауыстыру керектігін айтады. Өйткені, олар апатты деп танылған. Алайда, адамдардың өзі бұл мәселеге келгенде, салғырттық танутада. Тұрғындар «Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасы аясында жеделсатыларды жөндеуден өткізуге» бас тартқан.

МИХАИЛ РЕДЬКО, «Павлодар лифт сервис» ЖШС директоры

Қазір бақылайтын орган жоқ. Бұрын лифтілерді төтенше жағдай департаменті тексеретін. Яғни, кез-келген уақытта келіп, олар тексеріс жүргізуге құқылы болды. Алайда, оларда қазір ондай пәрмен жоқ. Қазір лифтілер тұрғындардың өз мойнында. Егер олар бұзылған жедел сатымен жүре беруге келісім берсе, бұрынғыдай қолдана береді. Алайда, олардың қауіпсіздігіне ешкім жауап бермейді.

Осылайша, «Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасы аясында Павлодарда соңғы жылдары бірде-бір жеделсаты жөндеуден өткен жоқ. Мамандар жыл өткен сайын бұл мәселенің қиындап бара жатқанын айтуда. Сол себепті тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарын қолға алып, бағдарламаға қатысудан басқа амал жоқтығын түсіндіруде.  

Қуандық ТАНАБАС

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, лифт, жеделсаты, 

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР БИ ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
15:25, 21 қыркүйек 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР БИ ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
19:46, 20 қыркүйек 2018
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
19:46, 20 қыркүйек 2018
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Толығырақ...
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА КӨЛІК ҚАТЫНАСЫН БАҚЫЛАЙТЫН ҮШ ЖАҢА МОБИЛЬДІ БЕКЕТ ПАЙДА БОЛДЫ
15:12, 19 қыркүйек 2018
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА КӨЛІК ҚАТЫНАСЫН БАҚЫЛАЙТЫН ҮШ ЖАҢА МОБИЛЬ...
Толығырақ...