Павлодар қаласында жалпықалалық сенбілік

11:03, 9 қаңтар 2017

Өткен демалыс күндері Павлодар қаласында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Жаңа жыл мерекесінде жауған қалың қар осылайша шаһар жұртшылығын сенбілікке шығуға мәжбүрледі. Тазалық шарасына қала тұрғындары, ПИК өкілдері, кәсіпорын жұмысшылары жұмыла кірісіп, үй аулалары мен шеткері аумақтарды омбы қардан тазалады.

Қаланы омбы қардан тазартуға жалғыз коммуналдық қызметтердің күші жеткіліксіз болды. Сондықтан, Павлодар әкімдігі шаһар бойынша жалпылай сенбілік өткізуді ұйғарды. Оған 60 бірлік техника жұмылдырылып, аула іштерін тазалады. Ал техника үйген қарды қаоадан сыртқары шығару ПИК-тердің өздеріне жүктелді. Жалпы, бүгінгі таңда Павлодарда 151 ПИК жұмыс істеуде. Олардың елуге жуығы ғана қарды қала сыртына өздері шығарады. Қалғандары бұл шараға құлықсыздық танытуда. Сол себепті қала тұрғындары үшін аула ішімен жүріп-тұрудың өзі қиындық туғызуда. Мәселені шешу үшін қалалық билік өкілдері ПИКтерге арнайы техниканы ұсынып, көмек көрсетуде. 

Сенбіліктің қорытындысы бойынша жұмыла жүргізілген жұмыстың нәтижесінде мыңнан астам кварталішілік аумақ қардан тазартылды. Ал қыс басталғалы Павлодар шаһарының көшелерінен 250 тоннадан астам қар қала сыртына шығарылыпты. 

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарда «Бизнес-кеңесші» курсы басталды
19:25, 15 ақпан 2018
Павлодарда «Бизнес-кеңесші» курсы басталды
Толығырақ...
Павлодар облысындағы барлық  балабақашалар 2020 жылға дейін қазақ тілінде тәрбие беру үрдісіне көшеді
18:54, 15 ақпан 2018
Павлодар облысындағы барлық балабақашалар 2020 жылға дейін...
Толығырақ...
Облыстың 80 жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды
18:48, 15 ақпан 2018
Облыстың 80 жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Дүкендерді сапасыз көкөніс өнімдері жайлаған
14:16, 12 ақпан 2018
Дүкендерді сапасыз көкөніс өнімдері жайлаған
Толығырақ...