ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІ ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА КЕТТІ Толығырақ

Павлодар қаласында егеуқұйрықтар қаптап кетті.

19:44, 6 наурыз 2018

Павлодардағы Шөкин көшесі, 31 мекенжайында орналасқан үйдің маңы егеуқұйрықтардың ордасына айналуда. Тұрғындар қоқыс алаңын жайлаған кеміргіштер үйлеріне кіріп кете ме деп үрейленіп отыр. Бұдан бөлек, инфекциялық ауру тарайды деп қорқады. Айтуларынша, үй ауласында өріп жүрген егеуқұйрықтар адамға да шабуылдауды шығарған. Талай табалдырық тоздырғанмен, тиісті мекемелер тарапынан қайыр көрмеген тұрғындар арнамызға хабарласып, көмек сұрап хабарласты.

Салтанат НЫСАНБЕК, тілші  Шөкин көшесіндегі 31-үйдің тұрғындары өз үйлеріне кіре алмай дал. Олар мына подъездің дәл маңайында қаптап жүрген егеуқұйрықтардан қорқып, үркиміз дейді.

Байқағанымыз, бұл кеміргіштер адам затынан мүлдем қорықпайды. Тіпті өзімізге де шабуылдады. Тұрғын Балнұр Әндіржанова үйге кіріп-шығудың өзі үлкен мұң болғанын айтады. Бойын үнемі үрей билегендіктен, соңғы кездері денсаулығы да сыр бере бастапты.   

БАЛНҰР ӘНДІРЖАНОВА, Шөкин көшесі, 31-үйдің тұрғыны

Үнемі қорқумен жүремін. Жүрегім алып-ұшып тұрады. Тіпті соңғы кездері аурыңқырайтын болды. Кеше жұмыстан келе жатсам, сегіз шақты егеуқұйрық шықты алдымнан. Жарты сағат бойы өз үйіме кіре алмай тұрдым. Кет десем, кетпейді. Өзіме секіреді.

ЕРЛАН ЖҰМАЕВ, Шөкин көшесі, 31-үйдің тұрғыны

Балаларымызды, немерелерімізді шығаруға мүмкіндік жоқ. Қорқамыз.  Өйткені қазір көктем келді, егеуқұйрықтар көбейіп кетті. 

АСҚАРҒАЛИ ҚАСКЕНЕВ, Шөкин көшесі, 31-үйдің тұрғыны

Жолдасымның көзі көрмейді, соқыр. Менің көзім бұлдыр-салдыр. Алдымнан подъезден шықты. Бірге шықтық. Енді мен мысық деп, есікті ашып қоя бердім. Жорғалап кетіп бара жатыр. Оказывается крыса.

Тұрғындар ПИК жұмысы көңіл көншітпейтінін айтуда. Кеміргіштерді мүлдем уламайды деген уәж айтады. Алайда, ПИК өкілдері қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын алға тартады. Ал үйдегі егеуқұйрықтардың көбеюіне келесідей жағдай себеп болғанын жеткізді. 

СВЕТЛАНА ПОЛСТЯНОВА, «Заман 2007» ПИК технигі

Бес жыл бұрын Асыл нарығында үлкен авария орын алған болатын. Ондағы коллекторге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонда бүкіл канализациялық егеуқұйрықтар бізге келді. Міне бес жыл бойы олардан құтыла алмай отырмыз. Негізінен улау жұмыстарын үш айда бір рет жүргізу керекпіз. Алайда, мәселені шешу үшін апта сайын улаймыз. Бірақ қазіргі у тиімсіз екенін айтқымыз келеді. Оны жеген егеуқұйрықтар жеті күн өтісімен өледі.

Ал тұрғын үй инспекциясының мамандары проблеманы түбегейлі шешу үшін улау шарасын аптасына бір рет жүргізу жеткіліксіз дейді.   

АМАН АУКЕНОВ, Тұрғын үй инспекциясының бас маманы

Кеміргіштердің көбеюіне байланысты ПИК төрағасына улау шарасын аптасына кем дегенде екі рет жүргізу ұсынылды. Бұдан бөлек, тұрғындар да өз тарапынан қарапайым тазалық нормаларын сақтаса жақсы болар еді.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары болса егеуқұйрықтардың көбеюіне тұрғындардың өзі кінәлі дейді. Қалай болса солай қаңтарылған көліктердің кесірінен қоқыс шығару кәсіпорнының техникасы подъездерге өте алмайтынын айтуда.

ТЕМІР ҚАСҚАБАЕВ, Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы

Осыған дейін тұрғындар күл-қоқыс пен тамақ қалдықтарын подъездің алдында тұрған қорапшаларға салды. Әрине егеуқұйрықтар соған келеді. 22 ақпан күні аталған үйдің әр подъезінің алдына контейнер қойдық. Бірақ үйдің тұрғындары ауланы көлік тұрағына айналдырды. Спецмашин серіктестігінің көліктері контейнерге өте алса жақсы. 

Тұрғындар, ПИК, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылың бөлімі мәселенің туындауына себепкерді іздеп жатқанда, егеуқұррықтар көбейіп, саны күрт артуда. Ал эпидимиологтар кеміргіштердің кесірінен болатын инфекциялық ауруларды тізіп берді.   

АЛМАГҮЛ ИСАХАНОВА, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті аса қауіпті инфекцияларды қадағалау бөлімінің жетекшісі

Егеуқұйрықтар мен тышқандар туляремия, криптоспоридиоз,  туберкулез сияқты аса қауіпті инфекциялық ауруларды таратады. Облыс аумағында ұдайы мониторинг жүргіземіз. Аталған инфекцияларды жұқтыру фактілері анықталып жатады. Мәселен, былтыр листериоз ауруын жұқтыру 2 пайызға артқанын байқадық.

Кеміргіштерді улауға биыл 10 миллион 368 мың теңге қаражат бөлінді. Деротизация жұмыстары 5,5 мың шаршы метрге кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бұл көпқабатты тұрғын үйлер, жеке секторлар мен бюджеттік мекемелер.

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ӨНЕРЛІ ПОЛИЦЕЙЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ
20:11, 25 қыркүйек 2018
ПАВЛОДАРДА ӨНЕРЛІ ПОЛИЦЕЙЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ
Толығырақ...
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР БИ ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
15:25, 21 қыркүйек 2018
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР БИ ЖАРЫСЫНА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
19:46, 20 қыркүйек 2018
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ КЕЛДІ
20:05, 19 қыркүйек 2018
ГОИ БЕЙБІТШІЛІК ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӘБІЛҚАЙЫР БАЙМОЛДИНГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ ӨТТІ
20:24, 25 қыркүйек 2018
ӘБІЛҚАЙЫР БАЙМОЛДИНГЕ АРНАЛҒАН КІТАПТЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...