ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ПАРТИЯ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ

11:24, 6 желтоқсан 2019

«NUR OTAN» партиясының төрағасы, Елбасы партия жұмысын жандандыруды тапсырғаны белгілі. Осыған байланысты қазір жергілікті жерлердегі партия ұйымдарында жеделдету жұмыстары қолға алынды.

Бүгінгі таңда партияның алдына қоғамды біріктіру, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төңірегіне элиталарды жинау міндеті тұр. Партия елдің жетекші саяси күші ретінде мемлекетіміздің дамуының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етуге міндетті. Сондықтан Үкімет пен Фракция адамдардың нақты мәселелерін бірге шешуі тиіс.

Айман Оспанова, облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары:

Партия мүшелерінің алдындағы негізгі міңдет – қоғамды біріктіру. Партия елдің жетекші саяси күші ретінде ең алдымен стратегиялық бағыттың сабақтастығын қамтамасыз етуі тиіс. Бізге жүгінген тұрғындардың мәселесіне көмектесуіміз қажет. Ал, проблемасы өз уақытында іске аспай қалған тұлғалардың мәселелері де біздің назарда болып, жақын арада жауабы шешілуі қажет.

Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жеткен партияның сайлауалды бағдарламасы Үкіметтің бес жылдық қызметінің негізін құрауы керек екенін айтқан. Ал, Мәжілістегі партиялық фракция мүшелері болуы ықтимал қатерлерге уақытылы жауап бере отырып, бағдарламаның орындалуын үнемі қадағалап отыруы керек.

Вера Гейнц, Павлодар аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Біздің міңдетіміз – ұзақ мерзімді көшбасшылық. Сайлау бағдарламасын дайындауға бүгіннен кірісеміз. 2025 жылға дейінгі бағдарламаның жобасы дайындалады. Бұл партия көшбасшысының тапсырмасы. Сапалы жүргізілген дайындық сәттілікке жол ашады.

Сонымен бірге, Елбасы республика аймақтарын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға баса назар аударды.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...