ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ОН АДАМҒА АРТТЫ

12:39, 30 қараша 2019

Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Павлодар қалалық филиалының мүшелері бас қосты. Қала әкімі Қайрат Нүкеновтың қатысуымен өткен жиында келер жылға арналған мақсаттар талқыланды. Сонымен қатар, партия қатары жаңа мүшелермен толықты.

Қарашаның 25-і күні «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев аймақтық филиалдар өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Алқалы жиынның қорытындысы туралы шаһар басшысы Қайрат Нүкенов баяндады. Актив отырысында қаралған мәселелер – партия қызметі үшін өзекті. Енді бұдан былай партия абыройына кір келтіретін мүшелерге шара қолданылады. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде арнайы мониторинг жүргізілетін болады.

Қайрат Нүкенов, Павлодар қаласының әкімі:

Павлодар қаласы, ауыл-аймақтар барлығы партия бақылауында болады. Барлық партия мүшелері тапсырылған жұмыстардың нәтижесі бойынша есеп беретін болады. Сол себепті құрметті партияластар, келеңсіз жағдайлардың туындауын қаламаймын. 2020 жылы барлығымыз бір адамдай атсалысып жұмыс жасайық.

Дәстүрлі мереке қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Павлодардың белсенді жастарын өз қатарына алды. Он адам саяси ұйымның қатарына өтіп партиялық билет алды.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ
 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...