ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ПАРКТЕР ШЕРУІ

19:39, 14 маусым 2019

Шарбақты ауданында «Парктер шеруі-2019» экологиялық акцияның жылдық қорытындысы шығарылды. Шараға дәстүрлі түрде ауданның барлық мектеп оқушылары қатысқан. Биыл алғаш рет табиғат қорғау шарасы облыстық деңгейде ұйымдастырылды. Аталмыш шара 2012 жылдан бастау алып, жылдан жылға ауқымы көбейіп барады.

Үш ай уақыт көлемінде мектеп оқушылары табиғатты қорғау шарасына белсене қатысты. Оқушылар орманда тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшеттер отырғызды. Атқарылған жұмыстың нәтижесі шығарылып, ең үздік мектеп ұжымдары «Ертіс орманы» Шалдай резерваты ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ табиғат қорғау мекемесі мен аудан әкімдігі арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

Әзілхан Әбеуов, Шарбақты ауданының әкімі:

Біз бүгін «Парктер шеруі» акциясын өткізіп жатырмыз. Бұл бір жыл болатын іс-шара. Бір жылдың ішінде аудан халқы, яғни жастары табиғатты аялау туралы шаралар өткіздік. Мұндай шаралар өсіп келе жатқан жастарымызды табиғатты аялауға, құрметтеуге үлесін қосады деп ойлаймын.

Шалдай орманында өскен Шарбақты мектебінің оқушылары үшін осындай тәжірибелер өте маңызды. Сондықтан да олардың оқу кестесінде орман шаруашылығы пәні бар. «Ертіс орманы» резерваты жастардың табиғатты аялауға қызығушылық танытатындығы қуантады. Болашақта жасөспірімдердің бірі орманшы мамандығын таңдайды деген үмітте.

Әлия Жұмабекқызы, Абай Құнанбаев атындағы мектеп оқушысы:

Көптен акциялар өткіздік. Біз ағаштарды сындыруға, қоқыстарды шашуға болмайтындығын айтамыз. Мектеп аралықта біз қағаздарды жинадық. Себебі қағаздарды жинау арқылы, яғни 1 тонна қағаз шығатын болса. Яғни, сол кезде 10 ағаштың үнемдейтін боламыз. Саябақта көптеген құстардың ұясын салып отырғыздық.

Орман алқабы облысымыздың ерекше мақтан тұтарлық байлығы. Жасыл өскіндерді одан әрі көбейтіп және туристердің таза ауада демалуын қамтамасыз ету мақсатында орман резерваты мен жергілікті аудан әкімшілігі жұмыла жұмыс жасайды.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар