ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ПАРАСАТТЫЛЫҚ» МЕКТЕБІ

15:45, 11 маусым 2019

Еліміздің барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы парасаттылық мектептері ашылды. Бұл мектеп жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге арналып құрылған. Аталмыш мектеп біздің өңірімізде де салтанатты түрде бастау алды.

11- ші және 14- ші маусым аралығында облысымызда студенттерге арналып құрылған Парасаттылық мектебі ашылмақ. Болашақ -  жастардың қолында демекші, бұл мектептің басты мақсаты - жас өскелең ұрпақты  сыбайлас пен жемқорлыққа қарсы дұрыс үгіттеп, адалдыққа үйрету.

Ринат Нұрғожин, білім бағдарламаларын әзірлеу және ілгерілету кабинетінің  бас маманы:

Бұл мектептің ішінде студенттер көптеген іскери ойындар , тренингтар, ашық диалог арқылы көптеген жағдайлар ойларында жүрген көп мәселелерді көтеруге мүмкіндік болады. Студенттердің өздері көптеген ұсыныстар жасап, бізге өтініштерін білдіріп жатыр.

Бұл мектепке қабылдау мамыр айынан басталып, студенттер 2 апта көлемінде іріктеу кезеңдерінен өткен болатын. Қазіргі таңда мектепке өңіріміздің жоғарғы оқу орындарынан отыз студент таңдап алынды. Мұндағы студенттерге қойылатын ең басты талап- іс-шараға деген ниет пен белсенділік. Бұл мектептің тағы бір ерекшелігі, студенттер тек дәріс сабақтарын алып қана  қоймай,  жаңа форматта  мобильді жұмыс жасайды.

 

Жансая НҰРБЕКОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
18:37, 9 желтоқсан 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...