ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ОТБАСЫМ БАҚ - БЕРЕКЕМ !

22:17, 15 қыркүйек 2020

Биыл Отбасы күніне орай жас жанұялар сайысы 4-ші мәрте өткізілді. Басты мақсаты – отбасылық құндылықты насихаттау. Шараға қатысушы жанұялар жылы сезім мен махаббат хикаясын халық назарына бейнебаян арқылы ұсынды.

Биыл Жастар бастамаларын дамыту орталығында дәстүрлі түрде жас жанұялар арасында «Сүйікті отбасым» сайысы өткізілді. Отбасылық құндылық пен ұлттық дәстүрді ұлықтайтын шараға облысымыздан 13 жас шаңырақ қатысты. Ал, елдегі карантинға байланысты шаралар онлайн бағытта жүзеге асуда. Сондықтан, сайысқа қатысушылар «Love story» және «Біздің отбасылық дәстүріміз» атты роликтерін әлеуметтік желі арқылы халық назарына ұсынды. Шаңырақ шаттығына бөленген Сапар отбасының жұмысы үздік деп танылып, жеңімпаз атанды. Сапар жанұясы 2019 жылы да жеңіс тұғырынан көрінген. Ұсынған бейнебаяны өзгелерден ерекше болды. Әкесі мен анасының «махаббат хикаясын» кішкентай қызы Аружан дыбыстаған. Қос ғашық университет қабырғасынан бірге, биыл отау құрғандарына 6 жыл толды.

Айжан Сапар, байқау жеңімпазы:

Биыл қатты дайындалдық. Отбасның дәстүріне әжеміздің батасын түсіріп, ал, лав сториді басын вайн сиықты бастадық. Кішкене күлдіртіп, содан кейін, жанұямыщдың тарихын айттық.

Отбасылық сайыс дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Отбасы – қаймақтай ұйыған ауызбіршілігі, берік қарым-қатынасы мен өзара сыйластығы, шексіз махаббатымен өзгеге өнеге бола білетін шағын мемлекет. Әр жанның бақыт мекені –  өзі құрған шаңырағы. Сондықтан,  ішіндегі ырыс-берекесі өз қолында.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...