ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

ОТБАСЫЛЫҚ СОТ КЕРЕК ПЕ?

16:53, 12 қыркүйек 2018

Қыркүйек айының екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Дәстүрлі мереке 2013 жылдан бері тойланып келеді. Айтулы күнге орай, Павлодар облыстық сотында «Заманауи әділет соты жүйесіндегі отбасылық сот» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға құқық қорғау органдары, адвокаттар, психологтар және ювеналды полиция өкілдері қатысты.

Қазақстанның 5 аймағында отбасы соты пилоттық жүйеде жұмыс жасауда. Мұндай тәжірбие өзге мемлекеттерде бұрыннан бері қолданып келеді. Мәселен, Канада, Германия сынды елдерде мамандандырылған сот институттары өз тиімділіктерін дәлелдеген соң жүйелі түрде қызмет етуде.  Сол себепті Павлодардағы фемида өкілдері де отбасылық сот құру, әрі оған арнайы психологиялық оқытудан өткен төрешілерді тағайындау мәселелерін көтеруде.

ҚАЛАМҚАС ТЕМІРОВА, кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша мамандандырылған аудан аралық сотының төрайымы

Ювеналды соттардың қызметтік міндеттерін кеңейту мәселесі талқылануда. Егер отбасылық сот пайда болатын болса кәмелеттік жасқа толмағандар арасында туындаған істерді бізге беру мәселесі қаралады.

Сот төрешілерінің айтуынша, ажырасушылар саны жыл санап өсуде. Сондықтан балалардың құқығын қорғауға қатысты сот істері де жиі жүргізіледі. Отбасылық сот жүйесінің пайда болуы істі тезірек қарастырып, шешімді де тез шығаруға септесер еді дейді мамандар.

 

Гүлден ТӨЛЕГЕН

Тақырып бойынша материалдар

ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛҒАН ТҰЛҒА
18:45, 11 қазан 2018
ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
19:57, 9 қазан 2018
ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛ...
Толығырақ...