ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК Толығырақ

ӨРТ – ТІЛСІЗ ЖАУ

19:05, 9 қазан 2019

Павлодар ауданы, Ольгинка ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жау 180 шаршы метр аумақта 4 тонна шөпті шарпып өткен.

Өрт салдарынан мал қораның төбесі құлап, 9 бас жылқы от құшағында қалып, мерт болған. Шлактан құйылған баздың төбесі мен қабырғасы толық жанып кетті. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

Рүстембек Ғазиз, Павлодар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға лейтенанты:

Оқиға орнына № 3 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір автоцистерна, өрт сөндіру зертханасы шықты. Сонымен қатар, жеке құрамнан 16 адам мен үш техника жұмылдырылды. Оқыс жағдайдың орын алуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған. Өрт сағат 19.50-де ауыздықталып, 20.15-те толығымен сөндірілді.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...