ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

19:28, 5 желтоқсан 2019

Әкімдікте өткен келелі кеңесте өрт қауіпсіздігі мәселесі де сөз болды. Биылғы жылы төтеншеліктердің айтуынша өңірде 179 орман және 350 даладағы өрт оқиғасы тіркелген.

Табиғи өртпен күреске 203 ерікті және күштік құралымның екі мың адамы жұмылдырылады. Бірақ, олардың жарақтануы жақсара береді. Құны 5-тен 12 мың теңге аралығында тұратын арнайы киімдердің 281 түрі бар. Облыс әкімі аудандар мен қалалардың бюджеттерінен еріктілерді 100% қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл ұсақ-түйек жабдықтар. Бірақ өрт кезінде таптырмайтын құралдар. Мәселен Баянауылдағы оқыс оқиғаны алып қарайықшы. Ол жерде 10 адамға 1 сөмке ғана.

Жиын барысында баянауылдық өрт сөндірушілерді еңбекақылары 42 мың теңге екендігі белгілі болды. Мұндай жалақымен қызметкерден қандай нәтиже күтуге болады. Мұны тез арада шешу керек деді, өңір басшысы.

Болат Бақауов, Павлодар облысының әкімі:

42 мың теңгеге қандай еркек жұмыс істейді? Сіздер зейнеткерді алмайсыздар ғой?! Жас жігерлі жастарды аласыздар. Мәселені шешіңіздер.

Төтеншеліктердің хабарлауынша, 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында аймақта 35 өрт оқиғасы тіркелген. Олардың көпшілігі жеке тұрғын үй секторларында болған. Аймақ басшысы, сала мамандарына алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...