ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ОРМАНДЫ ӨРТТЕН ҚОРҒАУ

15:30, 20 маусым 2019

Сәуір айының 12-нен бастап «Ертiс Орманы» табиғи орман резерватында өртке қарсы қауіпсіздік кезеңі басталғалы белгілі. Содан бері арнайы қызмет мамандары орманды күндіз түні күзетеді. Қосымша күштер де қосылған. Күн сайын орманды әуеден бақылап, тік ұшақпен қарап шығады.

Өрт болуы ықтимал қауіпті кезеңде «Ертіс орманы» резерватында авиациялық топ қызмет атқарады. Олар күнделікті сағаттар бойы тік ұшақпен аспанға көтеріліп, орман алқабына әуеден бақылау жасайды.

Аалерий Марченко, авиатоп жетекшісі:

Павлодарлық авиатоп 1963 жылдан бері жұмыс істейді. Экипаж құрамында өрт сөндіруші десантниктер бар. Өрт қаупінің көлеміне қарай күніне бір рет ұшамыз. Егер, қауіп артса күніне екі, үш мәрте аспанға көтерілеміз.  

12-сәуірден бері орман шаруашылығының 18 мұнарасында міндеттелген кезекшілік күні-түні жұмыс атқарады. Сәл ғана от ұшқынын байқаса болғаны дереу әрекет жасалады. Қауіпті кезеңде қосымша жұмыс күші де тартылған.  

Қуандық Байболов, «Ертіс орманы» табиғи орман резерватының бас директоры:

Пожаропасный уақытқа уақытша кісілер аламыз біз. Химбоец дейміз, шопырлар аламыз, трактористер аламыз сосын рацияға адамдарды аламыз. Каждый лесничествода суткамен радистер отырады.

Өрт туралы жедел хабар берген қырағы қызметкерлердің еңбектері бағаланып ақшалай сыйлықпен қошеметтеледі. Ең үздіктері екі есе марапатқа ие болады. Қауіпті кезең басталғалы резерват аумағын алты рет өрт болған. Әйтсе де, олардың көбі ағашы аз жазық далада болған. Көп жағдайда найзағай өртке себепкер болады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Гүлмира БАҚТИЯРОВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар