«Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ашық есік күні шарасы өтті

Облыс орталығында «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ашық есік күні шарасы өтті. Шара барысында ұстаздарға арнайы оқу курстары ұйымдастырылып, мұғалімдер өзара тәжірбие де алмасты.

14:42, 20 сәуір 2017   28

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығы  ұстаздардың білімі-білігін шыңдауда   ашық есік күні секілді шараларды жиі өткізеді. Бүгінгі шарада  өңіріміздің әр аудан қалаларынан келген мұғалімдерге  география, химия, тарих, әдебиет сияқты пәндерден арнайы курстар өткізілді.  Онда  ұстаздарға үш  тұғырылы тіл саясаты бойынша да  сабақтар ұйымдастырылды.  Курстың негізгі тақырыбы   білім мазмұнын жаңартуға  бағытталған.  Осы арқылы  ұстаздар қауымы  оқушылармен  жұмыс істеудің   тың әдістерін меңгереді.

ЗӘМЗӘГҮЛ ОРАЗАЕВА, «Өрлеу»  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты деңгейлік бағдарламалар орталығының басшысы

Шара барысында  ұстаздар  тек білім алып ғана қоймай, өзара тәжірбие де алмасты.  Білім мазмұнын  жаңарту бойынша,  түрлі әдістемелік құралдар мен   жаңашылықдық  кеңінен пайдаланылды. Мұғалімдерге арналған курсты   облыстық беру басқарамасы, білім саласын бақылау департаменті мен Нұр Отан партиясынның өкілдері бақылады.

Автор: Өзгеріс Қуанар

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26