ШҰҒЫЛ! КУТУЗОВ КӨШЕСІНІҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ДЕПУТАТТАР БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ Толығырақ

ОҢТҮСТІК ӨҢІРДЕН АҚТОҒАЙҒА ТӨРТ ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН

17:48, 11 маусым 2018

Бүгінде еңбек ресурстары мен демография жағынан оңтүстік пен солтүстік арасында теңсіздік орын алып жатқаны жасырын емес. Осы түйткілді шешуде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының тиімділігі зор. Былтыр облысымызға өз еркімен оңтүстіктен 69 отбасы қоныс аударды. Бұл, негізінен 24 пен 40 жас аралығындағы жас жанұялар. Бұл үрдіс биыл да жалғасуда. Мәселен, биыл Ақтоғай ауданына 4 отбасы көшіп келген.

Ернұр Қабылбек Ақтоғай ауданына сәуір айында отбасымен Алматы облысы Текелі қаласынан қоныс аударған. Бірден ата-енесі, жұбайы мен баласы және өзіне 84100 теңгеден бір реттік жәрдемақы беріледі. Бұдан бөлек, атасы мен жарына және өзіне кәсіп табады. Мал дәрігері мамандығын меңгерген ол көшіп келген жерінде жұмыс таба алмай жүргенін жеткізді.

ЕРНҰР ҚАБЫЛБЕК,  қоныс аударушы

Текелі қаласында енді өз басыма жұмыс шыққан жоқ. Сондықтан да осында жағдай жасайық, жұмыс істейік деп келдік + Мында келгенде қарсы алған. Тұрғын үймен қамтамасыз етті. Жағдайымызды жасады. Көмектесті. Көмекақы да беріп жатыр. Жақында ғана жастарға арналған кредит те беріп, бұйыртса келесі айда бөлініп, үй аламыз жеке. Жұмысқа орналастырды. Қазір осында жұмыс істеп жатырмын.

БАҚЫТГҮЛ ҚҰРЫС, Ернұрдың енесі

Жағдай жақсы. Бәрі ұнап жатыр. Балалар жұмысқа орналасып келе сап. Бәрі жағдайды жасап.  

Ішкі қоныс аудару бойынша көшіп келгендер жұмыспен қамтылып қана қоймай, баспаналы болуда. 

САЛТАНАТ НЫСАНБЕК, тілші

Ішкі қоныс аудару бойынша облысымызға көшіп келген отбасылар өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартып үлгеруде. Мәселен, Алматы қаласынан мұнда қоныс аударған Ерлан аға бастапқыда мына үйді сатып алады. Бірақ небәрі бір жылдың ішінде жанұясына жайлы, жаңа баспана көтереді.

Алматы қаласының тумасы Ерлан Исаев бағдарлама жайлы теледидардан білген. Павлодар облысының кең байтақ әрі шұрайлы жері қызықтырғанын айтады. Екі жыл бұрын мұнда көшіп келуге бел буған.

ЕРЛАН ИСАЕВ, қоныс аударушы   

Алматы кішкентай қала. Бәрі сонда. Қала болғаннан кейін кішкене  тар болып қалды. Өзім Алматыда тұрған едім. Сосын ойладым өзім көрсетейін қалай екен жастарға. Келіп Павлодарға. Көрсің екен мына жерде тұруға болады екен деп. + Жері жақсы, бәрі ұнап тұр да. Ауа-райы жақсы. Өзім де осындай жерге келуге тырыстым да. Келе салып, жоспарды құрып, осы жерде үй сала бастадым. Болашақта  мал ұстап жылы асырауға дайынмын.

Ерлан аға тұрғын үйге бөлінген қаражатқа ескі үй сатып алады. Бір жылдың ішінде 165 шаршы метр болатын кең баспана көтереді. Енді отбасымен жарық әрі жылы үйде тұрып жатыр. Ал Павлодардың сары аязына 5 күн бойы жылуды сақтап тұратын пеші төтеп беруде. Аудандық жұмыспен қамту орталығы Ерлан ағаны арнайы оқытуға жіберген. Енді ол «Игілік» бағдарламасы бойынша мал асырап, жылқы басын көбейтпек.

Салтанат НЫСАНБЕК

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛЕЗИНКА АУДАНЫНА АЛТЫ ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН
10:27, 20 маусым 2018
ЖЕЛЕЗИНКА АУДАНЫНА АЛТЫ ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛГЕН
Толығырақ...
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНА 35 ОТБАСЫНЫ КӨШІРІП ӘКЕЛУ ЖОСПАРЫ БАР
11:00, 15 маусым 2018
ЕРТІС АУДАНЫНА 35 ОТБАСЫНЫ КӨШІРІП ӘКЕЛУ ЖОСПАРЫ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
11:02, 19 маусым 2018
ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
11:30, 19 маусым 2018
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛД...
Толығырақ...