Оңтістіктен солтүстік аймақтарға қоныстандыру жұмысы қалай жүруде?

Қазіргі таңда елімізде оңтүстік өңірдің тұрғындарын солтүстік аймақтарға қоныстандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Аталмыш мемлекеттік бағдарламаның аясында Павлодар облысының Ертіс ауданына 3 бірдей отбасы көшіп келді. Бүгінгі күнде олар баспанамен қамтылып, жұмысқа да орналасып үлгерді. Бұл «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 3 бағыты, яғни, тұрғындарды қайта қоныстандыру шарасының аясында жүргізіліп отыр.

14:30, 17 мамыр 2017   106

Бұл мемлекетік бағдарлама  Павлодар облысында  былтырдан бастап қолға алынған болатын.  Осы күнге дейін аймағымызға  20-ға тарта отбасы оңтүстік өңірлерден қоныс аударды.  Міне, солардың бірі – Мәмбетияровтар отбасы. Ертіс ауданының  Сілеті ауылдық округіне қарасты Бұланбай ауылына Қызылорда облысынан  көшіп келген  олар қазірде баспанмен қамтылып, жұмысқа да орналасты. Үйдің отағасы  аталмыш ауылдағы  шаруа қожалығында жылқы бақса,  ұлдары Абай  ауыл мектебіне  мұғалім болып  қызметке орналасты. Бұған дейін  қызылорда облысында мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмаған Абай  аталмыш мемлекеттік бағдарламаның аясында  өз мамандығы бойынша  жұмыс істеуге мүмкіндік алды.  

АБАЙ МӘМБЕТИЯРОВ, Бұланбай негізгі мектебінің  мұғалімі (Ертіс ауданы)  

Бүгінде  Ертіс ауданның Бұланды ауылына   осы жылы 3 отбасы келіп, қоныс тепті.  Әрқайсына үй беріліп,  материалдық  көмек көрсетілді.  Олардың көпшілігі  аталған ауылдағы шаруа қожалығында мал  бағып,  екі қолға бір күрек тапты. Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Хасан Тұрдалиев солардың бірі.

ХАСАН ТҰРДАЛИЕВ, бақташы

Бұланды ауылына келген 3 отбасына «Алтай-Қарпық, Сайдалы-Сарытоқа» шаруа қожалығы  жұмыс беріп отыр.  Негізінен жылқы өсірумен айналысатын  шаруашылықта бүгінде  3 мыңға тарта қамбар ата тұқымы өсіріледі. Аталған түліктерді бағуға  біршама  жұмыс күші қажет екені белгілі.  Міне, мемлекеттік бағдарлама осынау олқылықтың орнын толтырып отыр. Қожалық басшылығы  жұмысшыларының басына баспана беріп, басқа қажеттелікттерін өтеп берді.    

АМАНТАЙ МУСИН, «Алтай-Қарпық-Сайдалы-Сарытоқа» ШҚ-ның басшысы

Аталаған мемлекетік бағдарлама бойынша биылғы жылы  аймағымызға 50 жанұя қоныс аударады деп жоспарлануда.  Олардың  өз тұрмысын түзеп алғанша,  мемлекет баспана жалдап тұруын қамтамасыз етеді.  Оған қоса  көшіп  келген отбасының  әр мүшесіне  35 айлық есептік көрсеткіш есебінде  бір жолғы  көтермеақы да беріледі. 

МЕРУЕРТ ЕСЕНБАЕВА,  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы   

Айта кетерлігі, аталмыш бағдарлама  халық саны көп, бірақ, жұмысы жоқ елді-мекендердің тұрғындарын  солтүстікке көшіру арқылы жұмыспен қамтып, олардың өз жағдайын  жасап алуға әрі,  адам саны аз өңірлердің демографиясын көтеруге бағытталған.  

Автор: Өзгеріс Қуанар

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26