ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ Толығырақ

Өңірімізде ыстан улану оқиғасы жиілеп кеткен

16:47, 17 наурыз 2017

Соңғы уақыттарда өңірімізде ыстан улану оқиғасы жиілеп кеткен. Ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін 9 адам зардап шеккен. Оның 5-уі бала. Осыған алаңдаушылық білдірген сала мамандары тұрғындарға барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонда да, бұл жайсыз жағдай тыйылмай тұр. Мәселенің мәнісін зерделеген тілшіміз сабақтасын.

2016-2017 жылдардағы жылу маусымы аралығында аймағымазда  3 адам ыстан уланып  дүние салған. Улану фактісі бойынша 24 адам  жаппа шегіп,  мединциналық  көмекке жүгінген.   Бұл секілді  қайғылы  оқиғалардың  көбеюіне  адамдардың  салғырттығы,  яғни үйдегі пеш пайдалануда немқұрайлық әркеттері  себеп болады екен.

СЕРІК ЫСҚАҚОВ, облыстық ТЖД  өрт қауіпсіздігін бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы

Наурыз айының  9 күні  Павлодар  қаласында  бір отбасынның 4 бірдей адамы  ыстан уланып қалған болатын.  Бүгінде   бұл отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы қалыпты.  Оқиғанның  қалай болғандығын   үйдің отағысы айтып берді.

МАҒАУИЯ ЖАҒЫПАРОВ, Павлодар қаласының тұрғыны

Мағауия Жағыпаровтың айтуынша, пеш құдығын оқиға болардан екі күн бұрын ғана тазалаған екен. Бірақ,  улы газдың  қайдан шыққандығын өзі де түсінбей отыр. Мамандардың болжауынша, сол күні қатты боран соғып тұрған.  Содан пешке  әлденебір  зат түсіп, бітеп қалған  болуы мүмкін.  Ал   жалпы бұндай оқиғалардың   шығуына  пештегі  түрлі  ақаулар негізгі себеп болып отыр.    

РИНАТ ВАЛИШАНОВ, Павлодар қалалық  ТЖ басқармасының басшысы

Сақтықтықта қорлық жоқ.  Үй жағдайында пеш пайдаланатын тұрғындарға мамандар кішкентай ғана ақаудың өзіне бей-жай қарамауға шақырады.

РИНАТ ВАЛИШАНОВ, Павлодар қалалық  ТЖ басқармасының басшысы

Ыс тиюдің алдын  алу мақсатында мамандар жұмыс жүргізуде. Тұрғындарға  пешті дұрыс пайдалану  ережелері жазылған   жаднама қағаздарын таратып, түсіндіру жұмыстарын  тұрақты түрде ұйымдастырып отырады.  Наурыз  келсе де,  күннің ызғары қайта қоймаған  біздің өңір үшін  от жағу маусымынның әлі біразға дейін созылары анық.  Сондықтан,  әр тұрғын өзінің және отбасынның  өміріне  немқұрайлы қарамауы тиіс. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
10:14, 20 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
10:05, 20 сәуір 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
15:01, 19 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
14:56, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
17:33, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
10:43, 17 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Толығырақ...