Өңірімізде өз ісіне салғырттықпен қарайтын мердігерлер көбейген

16:30, 17 наурыз 2017

Өңірімізде өз ісіне салғырттықпен қарайтын мердігерлер көбейген. Осының кесіренен құрылысы жұмыстары уақытылы тапсырылмай отыр. Ал олардың бұл заңсыздықтары уақытылы сотқа жолданбаған. Аталмыш факілер туралы облыстық құрылыс, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы облыстық әкімдікте өткен алқалы жиында мәлімдеді.

Жиын барысында белгілі болғандай Аққу ауылындағы тұрғын үйге инженерлік желілер тарту жұмысы жүргізілмеген. Салдарынан «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша бөлінген 12 млн. теңге  игерілмей қалып отыр.  Себебі,  Лебяжі аудандық құрылысы бөлімі  мердігерге  өтінішті уақытылы берілмеген. Аталмыш жауапсыздыққа байланысты  өңір басшысы  жұмыс жүргізе  білмейтін бұндай қызметкерлерді тиісті сала басшыларына тез арада қызметіннен  босату  керектігін талап етті. Бұл жауапты басшыларға қатысты болған бір ғана мысал. Ал екінші бір жағдай  Павлодар қаласындағы   жүзу бассейнін жаңғырту жұмыстарына байланысты  болып отыр. Мұнда тиісті органдар құрылыс жұмысын аяқсыз қалдырған  мердігермен  келісім шарт күшін тоқтата алмай әлек болып отыр.     

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

РҮСТЕМ РАИСОВ, облыстық құрылыс, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқарма басшысының міндетін атқарушы 

Жиында аймақ басшысын қыметіне жауапсыздық танытқан мердігерге қатысты  сот процесіне кімнің  қадағалау  жүргізіп жатқандығы қызықтырды. Анықталғандай, сот ісін  басқарма басшысының орынбасары Рүстем Раисов  бақылауға алған екен.     

Павлодар  облысы  тұрғын  үй салу  көрсеткіші  бойынша өткен жылдармен салыстырғанда  осы кезеңде ең соңғы орында тұрған СҚО-нан бір саты жоғары тұр. Ал  өңірде  көп қабатты тұрғын үй  салу қарқынын үдетуге мүмкіндіктер зор.

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі

«Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша аймағымызда  жеке коммуналдық тұрғын үйлерді  салуға республикалық бюджеттен 10 млрд теңге қарастырылған.  Мәселен аталмыш бағдарлама бойынша Ақсу қаласында салынып жатқан пәтерлердің бағасы тым шарықтап кеткен.  Белгілі болғандай бұл үйдің бір шаршы метрінің өзі  180 мың теңгеден асып жығылған. Элиталық үйлер болып саналмайтындықтан,  бір пәтердің шаршы метрі 145 мың теңгеден асапауы керек.  Жиында облыс әкімі Болат Бақауов мердігерлерге  талапты күшейту керектігін  атап өтті.  Сол себептен  енді  мердігер жұмысты бір күн кешіктіретін болса, олармен  келісімшарттардың күші жойылатын болады. Сондықтан, аталмыш қызметтерге жауапты шенділер жұмыс күнін кабинеттен емес,  құрылыс басынан бастауға тура келгелі тұр.  Сондай-ақ, бұл салада тағы бір мәселе бар. Құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеумен айналысатын мекемелерді әл-ауқаты шағын.  Сондықтан, олар  тапсырыстарды қабылдап алғанмен,  барлығын бірдей  жасауға үлгере алмай жатады.

РҮСТЕМ РАИСОВ, облыстық құрылыс, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқарма басшысының міндетін атқарушы 

Бұл  жұмыстарды жандандыру үшін жобалық-сметалық құжаттар мен жер учаскелерін бөлу жүйелі әрі нақты түрде ұйымдастырылып,  барлық құрылымдар біріге күш жұмылдыруы керек. 

ДҮЙСЕНБАЙ ТҰРҒАНОВ, облыс әкімінің бірінші орынбасары 

Ал Павлодар қаласындағы  құрылысты дамыту үшін «Нұрлы жер»  бағдарламасының жүзеге асуына барысы бір қатар өзгертулер енгізуді қажет етеді.

НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, Павлодар қаласының әкімі

Алқалы жиында өңір басшысы  құрылыс саласын дамытудің бірден-бір жолы ретінде   әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына  қосылу керектігін айтты.  Сонымен қатар әуеқалашық   аумағында  құрылыс  жұмыстарын жандандырып,  жеке тұрғын үй құрылысын  дамыту бойынша  сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

    

Тақырып бойынша материалдар

Жаңа жылда ел тұрғындары  4 күн демалады
17:04, 21 қараша 2017
Жаңа жылда ел тұрғындары 4 күн демалады
Толығырақ...
ОРАЗ ДҮЗДЕНБАЕВТЫ ҚАМАУ МЕРЗІМІ 2 АЙҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
16:43, 20 қараша 2017
ОРАЗ ДҮЗДЕНБАЕВТЫ ҚАМАУ МЕРЗІМІ 2 АЙҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
Толығырақ...
Тілді балғын бойына балабақшадан сіңіру қажет екені сөзсіз
16:04, 20 қараша 2017
Тілді балғын бойына балабақшадан сіңіру қажет екені сөзсіз
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі ауысты
15:27, 15 қараша 2017
Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі ауысты
Толығырақ...
ЗАҢСЫЗ ИМПОРТ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ КЕДЕРГІ
15:13, 15 қараша 2017
ЗАҢСЫЗ ИМПОРТ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ КЕДЕРГІ
Толығырақ...