Өңірімізде денсаулық фестивалі аясында дуатлон спортынан жарыс өтті.

18:50, 12 қыркүйек 2017

Демалыс күндері өңірімізде денсаулық фестивалі аясында дуатлон спортынан жарыс өтті. Сайысқа мектеп оқушылары, студенттер, спортшылар, дәрігерлермен, әр түрлі сала мамандары, сондай-ақ облыс әкімі Болат Бақауов та қатысты.

Естай атындағы мәдениет сарайынан бастау алған марафонға 3 мыңнан астам әуесқой спортшы қатысты. Өткен жылы жарыс ережесі бойынша спортшылар 25 км жүгірсе, биыл спорт сүйер қауым 10 шақырымды жаяу жүгіріп өтіп, қалған 20 шақырымды велосипедпен жүріп өтті. Қатысушылар  Ленин, Ак.Сәтбаев, Бекхожин, Кутузов, әуежай, Ак.Шөкин көшелері арқылы өтіп , мәре сызығын  Өзен вокзалында қорытындылады. Шараға павлодарлықтар ғана емес, облыстың түрлі аудандары мен қалаларынан тұрғындарда  қатысты.

АРДАҚ ТОРСЫҚБАЕВ, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

 Жарыс қорытындысы бойынша мәре сызығын бірінші болып 20 жасар Валерий Долгошей кескен болатын. Жас жігіт Павлодар Алюминий зауытының қызметкері. Жеңімпаз 30 шақырымдық жолды 1 сағат 10 минут 35 секунд ішінде өтті. Шара барысында жарыспен қатар концерт те ұйымдастырылып, сондай-ақ, денсаулық қалашығы ашылды.  Кез-келген адам  сол бұрышқа жақындап өз қан қысымын, салмағын жалпы денсаулығын тексертіп алып, тегін медициналық кеңестер алуға мүмкіндігі болды.    

ГҮЛНӘР НҰРАХМЕТОВА, Павлодар қалалық №2 емхана бас дәрігерінің орынбасары

Денсаулық зор байлық демекші, кез-келген адам өзінің денсаулығы үшін алаңдаса, спортпен айналықсан жөн.  Павлодар өңірі  -спортты аймақ деген атауға лайық болу үшін әлі де талай жұмыс жасау керек. Аймақ басшысы Болат Бақауовтың сөзінше келесі аптада, егер ауа райы қолайлы болса, велоспортшылар мен ардагерлер арасында Павлодар қаласынан Тереңкөл ауылына дейін 100 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өту ойда бар. 

Тақырып бойынша материалдар

Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
20:25, 22 қыркүйек 2017
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
20:23, 22 қыркүйек 2017
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
20:13, 22 қыркүйек 2017
Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
Толығырақ...
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
19:00, 19 қыркүйек 2017
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
Толығырақ...