ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ӨҢІРДЕГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

12:23, 10 тамыз 2020

Аймақта жыл басынан бері мамандар көкөніс жеміс өнімдерінен 1442 сынама алып, зерттеу жүргізген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн форматта өткен баспасөз конференциясында облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы мәлім етті.

Қалдық нитраттары нормаларының асуы 120 сынамада анықталды, - дейді Батырбек Әлиев.  Нитраттардың қалдық құрамының артуы еліміздің Оңтүстік өңірлері, ҚХР және Тәжікстаннан әкелінген жемістерде, атап айтқанда ерте піскен қарбыздар, «Торпеда» қауыны, ерте піскен пияз, абрикос, нектарин, шабдалы және жүзімде анықталды.

Батырбек Әлиев, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

Жоғарыда көрсетілген өнімдер Қарағанды, Алматы және Түркістан облысының көтерме тасымалдаушыларынан сатып алынған. Сондай-ақ тамыздың алғашқы аптасында 305 сынама зерттелді. Оның ішінде 10 сынамада нитраттардың асып кетуі анықталды. Нитраттардың қалдық көлемінің артық болуы өзге өңірлерден әкелінген өнімдерден, яғни қарбыз, «Торпеда» қауыны және пияздан анықталды. Бұл бағыттағы мониторинг жалғасын табуда.

Мониторинг нәтижесінде ақпараттар жауапты ведомстволарға, яғни ауыл шаруашылығы басқармасы, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің аумақтық инспекциясы, сонымен қатар, Түркістан және Алматы облыстарының тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаменттеріне жіберіледі. Сондай-ақ Қарағанды облысына бақша және көкөніс өнімдерінің сәйкес еместігі жөнінде ақпарат бағытталады. Департамент басшысының айтуынша, көкөніс пен жемістердегі улы заттардың болуын тек зертханалық жолмен анықтауға болады. Нитратты өнімдердің сыртқы түрі мен дәмі өзгермейді.

Батырбек Әлиев, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

Химикаттар қосылған көкөністер мен жемістер гастрит, жүйке, жүрек-қантамыр жүйелерінің ауруларын, бауыр және көз ауруларына әкеп соқтырады. Алдын алудың негізгі шарасы - өнімді стихиялық сауда орындарынан сатып алмау керек.

Жеміс- жидек, көкөністердің тек белгіленген орындардан, яғни азық-түлік нарықтары, дүкендер мен супермаркеттер алған қауіпсіз болып табылады. Сатушыда өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттар болу керек. Әрбір азамат оны талап етуге құқылы.

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...