ШҰҒЫЛ! ШЕКАРАДАН ӨТУ ТӘРТІБІ РЕТТЕЛЕДІ Толығырақ

ӨҢІРДЕ БРУЦЕЛЛЕЗ АУРУЫН ЖҰҚТЫРУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН

12:29, 16 мамыр 2018

Облысымызда малдың бруцеллез ауруына шалдығу көрсеткіші төмендеген. Мәселен, биылғы жылдың 4 айында 1475 бас мал шалдығып, 0,87 пайызды құрады. Былтырғы көрсеткіш 1,24 пайыз болған. Бұл туралы ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбеков мәлімдеді.

Құтыру ауруына шалдығу көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. Мәселен, 2014 жылы 5 ошақ анықталса, 2015 жылы төрт, ал 2016 және 2017 екі ошақ тіркелген. Ал, биыл құтыру ауруына шалдығудың бір ошағы анықталды,-дейді мамандар. Қашыр ауданы Малые Березники ауылында байлаулы тұрған иттен табылған. Анықталғандай, оған түлкі жұқтырған. Инспекция өкілдері статистиканың жақсаруына кешенді жұмыстардың септігі тигенін айтады. Жануарлардан тарайтын аса қауіпті 8 ауруға қарсы ауқымды алдын алу шарасы жоспарланған. Вакцинация мен диагностикаға 627 миллион теңге бөлінбек. Қаржы сібір жарасы, пастереллез, құтыру ауруына қарсы екпелерге жұмсалады. Бұдан бөлек, жеті ветиринарлық бақылау бекеті құрылмақ. Оның бесеуі Ресеймен шекаралас аумақтарға қойылады.       

РАШИД НҰРБЕКОВ, ҚР АШМ ВБҚК облыстық аумақтық инспекциясының басшысы

Біз неге оларды шекараға қойып отырмыз – білу үшін

Тағы екі бекет Шығыс Қазақстан облысының шекарасына орнатылады. Бұл өз кезегінде шекарадағы ветеринарлық бақылаудың сапасын арттыруына септігін тигізбек, - дейді мамандар.

Салтанат НЫСАНБЕК

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, 

Тақырып бойынша материалдар

№40 мектеп қабырғасында әскери оқу-жаттығу спорттық жарысы өтті
22:23, 16 қаңтар 2019
№40 мектеп қабырғасында әскери оқу-жаттығу спорттық жарысы ө...
Толығырақ...
«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» ПРАВОСЛАВТЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ  18 ОЙЫҚ ӘЗІРЛЕНДІ
22:21, 16 қаңтар 2019
«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» ПРАВОСЛАВТЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ 18 ОЙЫҚ ӘЗІРЛЕН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
19:20, 14 қаңтар 2019
«ҚАР ХАНШАЙЫМЫ» ЕРТЕГІСІНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Толығырақ...