ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

ӨНЕР АДАМДАРЫ ҚАР ТАЗАЛАУҒА ШЫҚТЫ

17:54, 22 қараша 2020

Павлодарда жергілікті мәдениет және өнер адамдары «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының айналасындағы қарды күреп, сыпырып, бір тазартып тастады. Айтуларынша, осылайша олар «Біз біргеміз» республикалық акциясына өз үлестерін қоспақ.

Гүлсәмиға Мұқанова, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының  бөлім меңгерушісі:

Павлодар мәдіниет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармының қолдауымен филармонияның әкімшілігі «Біз біргеміз» акциясын қолдап, далаға сенбілікке шығып отырмыз. Және біздің қаламыздың тазалығын сақтауға біраз болсын, өзіміздің үлесімізді қосайық деп, осы сенбілікке шығып отырмыз.

Өнер ұжымдарының қар түскелі бері көше тазалауға шыққан бұл бірінші сенбілігі емес. Әр апта сайын, үлкен ұжыммен облыс орталығындағы қоғамдық жерлерді жинастыруда. Сондай-ақ, атап өту керек мәдениет қызметкерлері қала маңында орнатылған бекеттерде ерікті түрде мамандарға құжат тексеріп, дене қызуын өлшеуге қолғабыс етіп жатыр.

Гүлсәмиға Мұқанова, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының  бөлім меңгерушісі:

Мойылды, павлодар бекетінде, постта біздің әріптесіміз Көпеев Дастан, Асқар аға, жүргізушіміз ерікті ретінде өз үлестерін қосып жатыр. Және де Ленинский-Павлодар бекетінде біздің «Шернияз» би ансамблінің бишісі Азамат та өзінің үлесін қосып жатыр.

Мөлдір Құрымбай, тілші:

Атап өтері, «Біз біргеміз» акциясына Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты 13 мекемеден барлығы 180-ге жуық адам қатысып отыр.

Азамат Жүсіпбаев, «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығы жетекшісінің орынбасары:

Біздің Қазақстаныз беделді ел болғаннан кейін, өзіміз де осы беделдікті сақтауымыз керек. Сондықтан, осы «Біз біргеміз» акциясына қосылайық ағайын.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші» «Біз біргеміз» акциясы біріге жасаған істің шапағаты мол екенін дәлелдеп отыр. Өйткені, қаламыздың тазалығы мен болашағы осындай игі істердің арқасында жарқын болары сөзсіз, дейді мамандар.

 

Мөлдір ҚҰРЫМБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар