ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

ОН КҮНДІК ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

19:00, 14 тамыз 2019

Отан алдындағы азаматтық борыштарын атқарған сарбаздар 10 күндік оқу-жаттығу жиындарына қайта аттанды. Бұл жерде әскери өмірдің қыр-сырын көрген білектілер, үйренген әдіс-тәсілдерін жетілдіретін болады.

Бұл жерге жиналған 60 сарбаздың жас ерекшеліктері әр түрлі. 25 пен 50 жастың аралығы. Аталмыш оқу-тексеру жаттығулары Павлодар өңірінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін, бұл шара Семей жерінде ұйымдастырылып келген. Әскери міндеттілер 10 күн ішінде арнай теориялық сабақ алып, кейін алған білімдерін тәжірибеде сынап көреді. Әскери жиын Қорғаныс министрлігінінің жоспарлы күнтізбесіне сай, облыс әкімдігінің қаулысымен өткізілуде.

Елжан Смағұлов, әскери қауіпсіздік бойынша облыс әкімінің көмекшісі:

Бұл осы қалада тұратын адамдар. Барлығы әр салада қызмет атқарады. Яғни, бірнеше жыл бұрын әрскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын өтеген. Енді әскерде үйренген дүниені ұмытпау үшін оқу-жаттығу жиындары жиі өткізілмек. Бұл бастамасы. 60 адам 10 күн ішінде әскери  өмірге қайта бейімделетін болады.

Шараның негізгі мақсаты, жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу, әр азаматты отансүйгіштікке баулу. Оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатқан сарбаздардың негізгі міндеттері қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы 10 күн аралығында өңірдегі ірі өндіріс ошақтарының тыныштығын қадағалайтын болады. Мұндай келелі істі өткізу дәстүрге айналмақ. Биылғы жылғы шақыртылған сарбаздар белгілі бір уақыт аралығында келесі жиындарға қатыспайды. Айта кету керек, 2018 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы әр облыстың аймақтық қорғаныс бригадаларына арнайы белгілерін тасбыстаған болатын.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...