ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

ОҚУШЫЛАР АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

19:52, 7 ақпан 2019

Биыл ақпан айының 15-ші жұлдызында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Айтулы дата аясында облыс көлемінде бірқатар шаралар атқарылуда. Мереке қарсаңында «Жас дәурен» жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті.

Шара барысында Ауған соғысының ардагерлері отты жылдардағы естен кетпес естеліктерімен бөлісті. Кездесудің басты мақсаты жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, еңбегі  еленген ерлердің  есімін өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.

ҒАЛЫМЖАН ШАРАПАТОВ, АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ҚАЛАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Жыл сайын өткізетін шараларымыз, балаларға патриоттық сана-сезім дарыту, оларға негізі, балаларға болашақта біраз болса да дұрыс жол көрсету керек деп ойлаймын. Сол үшін осындай шаралар өткізіп жатырмыз.

Ауған соғысы ардагерлері атынан «Жас дәурен» орталығының бірнеше қызметкері алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, мекеме тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салып, қазыналы қариялар назарына әннен шашу шашып, өлең арнады. Мұндай мерекелік кездесулер жиі өткізіліп тұрғаны бізді қуантады,- дейді оқушылар.

ГҮЛЖАН ТІЛЕУКИНА, «ЖАС ДӘУРЕН» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ

Жастар үшін өте маңызды кездесу. Себебі, бұл- біздің тарихымыз. Тарихын білмеген адам өзінің болашағын білмейді. Оның қазіргі тұрып жатқан күні де маңызды болмайды. Жастар жылы болғандықтан, осындай 30 жылдықты жастардың арасында өткізген өте пайдалы деп ойлаймын. Себебі, жастарға оны насихаттау керек.

ВАЛЕРИЯ ПИЧУГИНА, «ЖАС ДӘУРЕН» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ

2019 жыл жастар жылы деп аталды. Сондықтан, осындай көптеген іс шаралар жиі өткізілсе екен деп айтқым келеді.

Кеңес әскері Ауған жерінде 10 жылға жуық соғыс жүргізген. Осы қасіретке толы 10  жылдағы, ұйқысыз түндер мен күлкісіз күндер естелігі ардагерлердің көзіне еріксіз жас ұялатты. Сұрапыл соғыстан еліне оралмай қалған жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
19:01, 22 шілде 2019
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
18:55, 22 шілде 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...