Облыс орталығындағы Достық үйінде ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысы өтті

Облыс орталығындағы Достық үйінде ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысы өтті. Оған аймағымыздағы білім беру ошақтарының басшылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Сондай-ақ, шара барысында Елбасынның жақында ғана жарық көрген «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы» да сөз болды.

18:04, 19 сәуір 2017   131

Болашақтың негізін қалау үшін  қоғамдық сананы жаңғырту керек. Бұл Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласының ең негізгі идеясы болып табылады. ҚР Парламенті  Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысының әлқиассы   осы мақала төңірегінде өрбіді.

БІРҒАНЫМ АЙТЫМОВА, ҚР Парламенті  Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы

Комитет отырысында бүгінгі таңдағы білім беру саласынның өзекті мәселелері сөз болды.  Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевтың айтуынша,  Павлодар өңірінде  96 мыңннан астам  оқушы 387 мектепте білім алып жатыр. Аталған білім беру мекемелерінің 251  шағын құрамдағы мектептерді құрайды.  Аймағымызда  кейінгі жылдары  білім сапасы біршама  артқандығы байқалады.

МЕЙРАМ БЕГЕНТАЕВ, облыс әкімінің орынбасары

Қазіргі күнде өңірімізде апатты және үш аусымда оқитын мектептер жоқ.  Соңғы жылдары жергілікті және республикалық бюджет қаржысынан 7 жаңа  оқу ордалары салынған. Деседе, білімі саласында мәселелер де жоқ емес. Шағын кешендегі  мектептерді оңтайландыру күн тәртібіндегі шаруалардың бірі.

ВЛАДИМИР РЕДКОКАШИН, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы

Жиын  барысында   сенаторлар   аймағымыздағы білім саласына қатысты тағы бір мәселені ортаға салды.  Үш күн бойы облыстағы білім ошақтарын аралаған олар  ұстаздар жалақысының көңіл көншітпейтіндігін де айтты.

ӘЛИ БЕКТАЕВ, ҚР Парламенті  Сенатының депутаты

Отырыс барысында  халық қалаулылары өңірдің білім сапасына көңілі толатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, биылғы жылы ашылған   мектептердегі шахмат  үйірмелері  оқушылардың  зияткерлік қабілеттерін  шыңдауда  таптырмас құрал екендігін  тілге тиек етті.

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26