Облыс әкімі Болат Бақауов Белорусь Республикасына іс-сапармен барды

17:58, 19 сәуір 2017

Облыс әкімі Болат Бақауов Белорусь Республикасына іс-сапармен барды. Сапар барысында аймақ басшысы Минск облысы атқарушы комитетінің төрағасы Семен Шапиромен кездесіп, бірнеше ірі кәсіпорынды аралады. Минск облысының атқару комитетінде өткен кездесуде облыс әкімі Болат Бақауов Павлодар облысы мен Беларусь Республикасының арасындағы іскери байланыстар жыл сайын нығайып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Қазіргі таңда біздің өңірдің Белоруссиямен арадағы өзара тауар алмасу үлесін металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібінің өнімдері  құрайды.

Сапар аясында өңір басшысы аталмыш елден 20 трамвай мен 5 вагон сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізді. Айта кетейік, бүгінде біздің өңірімізде Белоруссияда жасалатын автобустар және лифттер жоғары сұранысқа ие. Сондай-ақ, жиында ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлер комбайн шығару бойынша өзара әріптестік жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесуде аймақ басшысы өзінің белорустық әріптесі Семен Шапироға Павлодар облысының инвестициялық тартымдылығы туралы картаны таныстырды. Екі жақты әріптестік бас қосуларда қатысушылары, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерге баса назар аударды. Павлодар мен Минск қалаларының жанынан құрылған арнайы экономикалық аймақтар жайы да талқыға салынды.

Сонымен қатар іс сапарда барысында облыс әкімі кездесуден кейін бірнеше ірі кәсіпорында да аралап көрді. «Белком мунмаш» АҚ-да болып, электр транпортының өндірісімен танысып, электробуста саяхат жасады. Сондай-ақ,  «Амкодор» акционерлік қоғамында аймақ басшысы арнайы техниканың өндірістік әлеуетінде байқап көрді. 

Тақырып бойынша материалдар

Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
20:25, 22 қыркүйек 2017
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
20:23, 22 қыркүйек 2017
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
20:13, 22 қыркүйек 2017
Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
Толығырақ...
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
19:00, 19 қыркүйек 2017
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
Толығырақ...