Облыс әкімі Болат Бақауов аймақтық қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Облыс әкімі Болат Бақауов аймақтық қоғамдық кеңес алдында есеп берді. Достық үйінде өткізілген бұл жиында аймақ басшысы өткен жылдағы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы атқарылған жұмыстар және Президент жолдауына байланысты алдағы уақытқа жоспарланған іс-шараларға тоқталды.

16:34, 15 ақпан 2017   223

Облысымызда «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  аясында құрылған Қоғамдық бұл Кеңеске биыл бір жылдың жүзі болды.Кеңес  Жергілікті «Елдің мүддесін қамтамасыз ететін мәселелерді шешу туралы» тұрақты комиссия мүшелері,облыс, қала, аудан мәслихат хатшылары мен жергілікті полиция басшыларының қатысуымен өтті. Қоғамға аса қажет болып табылатын кезекті жиында  облыс әкімі Болат Бақауов аймағымыздың өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы тындырылған істерге тоқталып өтті.  

Айта кету керек, Павлодар-Ертіс өңірінің Даму жолында Инвестициялық тарту жұмыстары басты назарға алынған. Аймақ басшысының айтуынша, облысымызда өндірістік даму саласы өткен жылмен салыстырғанда 10 процентке, Тұрғын үймен қамтамасыз етілу мәселесі 12 процентке өскен. 

Өткен жылда сонымен өзекті деген мәселелердің бәрі де дер кезінде шешімін тауып, аймақ басшысы алдына ешбір қала, аудан жұртшылығы шешілмей қалған күрделі мәселелерімен көлденең келмеген. Атқарылған жұмыстардың барлығы да үнемі бақылауда болған. Ал бұл жолғы  Қоғамдық Кеңестегі көтерілген тұрғындар өмірі қауіпсіздігі үшін аймағымыздың экологиялық жағдайлары мен әлеуметтік даму саласындағы өткір мәселелер де алдағы уақытта ерекше бақылауда болатындығы айтылды. Мәселен, биылғы жылы мемлекетімізде айыбын мерзімінен бұрын өтеп, яғни рақымшылық жүйесіне іліккен мың жарым сотталушылар болса, солардың 100і Павлодар облысынан. Бұл туралы Кеңесте Жергілікті полицейлер қызметінің басшысы Юрий Колесников айтып өтті.

Жиын  соңында Облыс әкімі Кеңеске белсене ат салысқан қоғамдық кеңес өкілдерінің атқарған жұмыстарына алғыс айтып, алдағы жоспарларға сәттілік тіледі.

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26