ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

О, МАРАЛДЫМ, МАРАЛДЫМ!

19:42, 22 тамыз 2019

Маусым айынан бері Маралды демалыс аймағында 30 мыңға жуық адам тыныққан. Демалушылардың көп бөлігі жергілікті Ертіс Баян өңірінің тұрғындары. Біздің түсірілім тобы тұзды көлдегі демалыс орнын тағы да бір көзбен көріп қайтты.

2017 жылдан бастап, яғни демалыс орны ашылғаннан бері мұнда көп нәрсе өзгерді. Демалушылар үшін жағалау аймағы кеңейтілді. Адамдардың жағада жатып демалатын және кәуап жасайтын орындары да жеткілікті.

Дамир Қамалиев, Маралды демалыс орнының басқарушысы:

Биылғы жылы жаз басталысымен 30 мыңға жуық адам демалды.  Жұмыс күндері кіру ақысы бір адамға 700 теңгені құрайды. Мұнда бәрі тегін. Жағалауда жатып демалуларына болады. Мүгедек жандарға жеңілдіктер жасалған. Жұмыс күндері болсын немесе демалыс күндері де оларға кіру ақысы 500 тенге. Ал балаларға 350 тенге.

Аптаның ортасы болғанына қарамастан, демалып жатқан адамдар қарасы қалың. Тұрғындардың айтуынша, оларға мұнда демалу ұнайды. Алайда, әлі демалыс орнында жасайтын жұмыстар баршылық.

Марат Айдашев, облыстық туризм және спорт басқармасының басшысы:

Адамдар жолдың жөңделуін сұрайды. Келесі жылға біз смета жасадық. Аудан әкімдігі бюджеттік өтінімді дайындауда. Міне, тас жолдан курорттық аймаққа дейінгі жол. Қазір 4 үйді көріп тұрсыз. Келесі жылы көбейтуді инвесторлар жоспарлап отыр. Біл демалыс күндері үлкен шаралар, сонымен қатар, Ертіс променад сахнасында өнер көрсететін жұлдыздарды шақыру ойымызда бар.

«Қазіргі уақытта жұлдыздарды шақыруға әлі ерте», - деді туризм және спорт басқармасының басшысы. Маралды курорттық аймағы мүмкіндігінше тартымды болу үшін бүгінде инфрақұрылымды жақсарту қажет.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...