ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

«НҰРЛЫ ЖЕР» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

19:09, 11 шілде 2019

Мемлекеттік міндеттерді жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі – тұрғын үй құрылысын дамыту. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының Павлодар облысында жүзеге асырылуы туралы арнайы брифингте мәлім болды.

Соңғы үш жылдың ішінде Павлодар облысында 711 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл сайынғы құрылыс қарқыны орташа есеппен 20 пайызды құрайды. Бағдарлама жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері 2 463 пәтерлік 26 көп пәтерлі тұрғын үйлер іске қосылды

Рүстем Раисов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

Біздің облысымызда бұл бағдарлама кеңірек даму үстінде. Жыл сайын жаңа құрылыс бойынша үйлердің салынуы да қарқынды дамып келеді. Жыл сайын 20 пайызға артып отыр. Оған салынып біткен тұрғын үйлер мен пәтерлер саны дәлел.

Ағымдағы жылы 14 көп пәтерлі үйлердің құрылысы мен реконструкциясы жоспарланып отыр. Оның ішінде жалпы көлемі 86,5 мың шаршы метр болатын 1204 пәтерден тұратын 9 несиелік үй, 5 жалға беру үйі  және құрылысы 2020 жылға шегерілген 3 тұрғын үй бар.

2019 жылы Павлодар қаласының әуежай аумағында 73 пәтерден тұратын сәулеті бір үлгідегі 55 несиелік тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Рүстем Раисов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолға алынған құрылыс барлық бағыттарды қамтиды. Оған несиелік үйлер де, жалға берілетін үйлер де,сатып алынбайтын жергілікті мекемелердегі қызметтік үйлер де кіреді.

«Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету шеңберінде Павлодар облысына республикалық бюджеттен Екібастұз және Ақсу қалаларында тұрғын үй сатып алу үшін 1, 2 млрд теңге бөлінген. Алдағы уақытта 143 пәтер сатып алу жоспарда бар. Бүгінгі таңда Ақсу қаласындағы Астана көшесі, 58 үйден 57 пәтер сатып алынып, көп балалы отбасыларға берілді. Бұл игі шара жалғасын табуы үшін қарқынды жұмыстар жүргізіліп те жатыр.

ӘСЕЛ ЖАҚСЫБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
19:01, 22 шілде 2019
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
18:55, 22 шілде 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...