ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

НҰР- СҰЛТАН ҚАЛАСЫНАН ЕКІБАСТҰЗҒА

15:30, 14 маусым 2019

Павлодар облысында өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша, жұмыс күші мол аймақтардан көшіп келген жұмыскерлерге тұрғын үйлер беріліп, жұмыспен қамтамасыз етілуде. Биылғы жылы біздің өңірге қажетті екі мыңнан астам маманды көшіру жоспарланып отыр.

«Ішкі көші қон» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірімізге Қазақстанның оңтүстік облыстарының тұрғындары көптеп қоныс аударуда. Мамыр айында жоғарыда көрсетілген жұмыс күші мол өңірлердің тізімін Нұр-сұлтан қаласы толықтырды. Елордадан Екібастұзға 54 отбасы көшіп келді. Олардың барлығы "Нұрлы Ертіс"пилоттық жобасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Асқар Әжмұрат, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

Қосымша маусым айында тағы 25 отбасы, онда тіркелген мөлшерлемесі жалдау ақысы төмен, тұрақты жалақы, яғни, біз оларға тек қана көшірмейміз, жұмысқа да орналастырамыз.

Екібастұзға көшкен 337 адамның 100-і еңбекке жарамды, қалғаны балалар.

Хелуа Қашкенова, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасы басышсының  орынбасары:

Еңбекке жарамды азаматтардан 21 жұмысшы. Қазір жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізудеміз.

Жыл басынан бері облыста 14 мың бос жұмыс орны жарияланды. Бүгінгі таңда 5000 бос жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 2,5 мыңы Екібастұзда.  Тек қызанақ пен Раушан өсіретін жергілікті жылыжай кешеніне 550 маман қажет. Жалпы, өңірде педагог, слесарь, сантехник, құрылысшы мамандар қажет.

 

Жансая  Нұрбекова Дария ЖУМАБЕКОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ЖҰМЫС ІСТЕДІ
19:48, 6 желтоқсан 2019
ЕҢБЕК БАҒДАРЛАМАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ЖҰМЫС ІСТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
12:24, 30 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ ҚАТЫНАСЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...