ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДАҒЫ САРЫАРҚА МӨЛТЕК АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ Толығырақ

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXV КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

19:46, 20 қыркүйек 2018

Бүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының XXV-ші кезектен тыс конференциясы өткізілді. Күн тәртібінде «Облыстық мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына үміткерлер ұсыну», «жаңа партиялық жоба» мен «бастауыш партия ұйымдары форумының қорытындылары» атты үш мәселе қамтылды.

Нұр Отанның» кезектен тыс конференциясына 180 делегат шақырылған. Ортақ дауысқа партия мүддесіне қатысты мәселе салынғандықтан, бірі қалмай қатысты. Облыстық мәслихаттан шығып қалған халық қалаулыларының орнына екі партиялас ұсынылған. Бірі – облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Динара Айтжанова, екіншісі – Жанболат Теміралин есімді жергілікті кәсіпкер. Жиналған көпшілік ашық дауыс беру арқылы қос үміткерге бір ауыздан қолдау білдірді.

ДИНАРА АЙТЖАНОВА, №14 Кутузов сайлау округі бойынша депутаттыққа үміткер

Құрметті партияластар! Сіздер маған депутаттыққа үміткер болуға сенім білдірдіңіздер. Қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Мен сенімдеріңізді ақтаймын деген үміттемін. Жұмыс істеуге дайынмын. Алда сайлауалды бәсеке күтіп тұр. Сол үгіт-насихат жұмыстарында да қолдауларыңызға иек артамын. 

ЖАНБОЛАТ ТЕМІРАЛИН, №22 Алюминстрой сайлау округі бойынша депутаттыққа үміткер

Аймағымыздың гүлденуіне бар күш-жігерімді, тәжірибем мен білімімді салуға тырысамын. Қаладағы және ауылдағы жұмыспен таныспын. Сенім білдіргендеріңізге рахмет!

Конференцияға 38 бастауыш партия және 11 жастар ұйымдарының өкілдері келген. Олар «Нұр Отанның» халықтық партия ретінде көш бастауына сүбелі үлес қосып келеді. Таяуда өткен форум қорытындыларына тоқтала келе, филиал басшылығы бұл үрдісті де елеусіз қалдырмады. Жалпы, кейінгі толқын – жастар қауымын алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Бүгін елімізде «English for Jastar» жобасына бастау берілді.

САНИРА ЖҮСІПОВА, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының төрайымы

Павлодар облысы бойынша 6 аудан іріктелінді. 12 ерікті осы жобаға қатыстырылмақ. Жалпы, осы жоба бойынша 9-10 сынып оқушыларын біз оқытамыз. Және де біздің ауыл жастары, үлкен кісілер осы жобаға қатысқысы келсе, біз де бәріңізге ашықпыз.

Жаңа партиялық жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарына ағылшын тілін меңгеруге жағдай жасау. Ұйымдастырушылардың бірқатары тілді оқыту факультативтерін өткізу орны ретінде аудандарда коворкинг орталықтарын таңдаған.

 

Рымбек ҚАБИДЕН

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ АЯСЫНДА КЕНЖЕКӨЛ АУЫЛЫНДА  ЖАҢА ДҮКЕН АШЫЛДЫ
02:16, 15 желтоқсан 2018
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДА...
Толығырақ...
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
01:46, 15 желтоқсан 2018
ЕРТІС АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР ҚАТАРЫ ЖАҢА ЕСІМДЕРМЕН ТО...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
18:15, 11 желтоқсан 2018
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ
12:43, 12 желтоқсан 2018
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ЖОЛ ЖҮРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ...
Толығырақ...