ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

НӘЗІК ЖАНДЫ ИНСПЕКТОР

15:01, 3 наурыз 2020

Халықаралық әйелдер күніне орай «ERTIS» телеарнасы аймағымыздағы нәзік жандылар жайлы бейнематериалдар топтамасын бастаймыз. Әйел адам бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді теребетеді демекші отбасымен қызметті алып жүрген әйелдердің бірі – Әйгерім Зағытова. Ол қылмыстық-атқару жүйесінің аға инспектор-психолог маманы.

Әйгерім Қаһарманқызы Зағытова қаламыздағы 162/4 түзету мекемесінің психолог маманы.  Оның қылмыстық-түзету жүйесінде қызмет атқарып келе жатқанына 15 жыл болды. Қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесі болғандықтан, Әйгерім Ызғытова күнделікті түрлі қылмыскерлермен жұмыс істейді.

Әйгерім Зағытова, 162/4 түзету мекемесінің аға инспектор-психологы:

Біздің жұмысымыз сотталған азаматпен танысудан басталады. Оның қылмыстық ісін талқылап саралаймыз. Оның мұндай қылмысқа баруының себебін, сондай-ақ, егер де оның бірнеше соттылығы болса, онда оның не себептен қайталануын анықтаймыз.

Осыдан кейін, психолог маман жазасын өтеушілермен жарты бойы жұмыс істейді. Әрбір сотталушының ерекшелігін ескере отырып, оның оқшаулай мекемесіне бейімделуіне көмектеседі. Сонымен қатар, темір тордың ар жағындағылардың отбасымен және туыстарымен жақсы қарым-қатынас орнатуда психолог мамандардың рөлі маңызды.

Әйгерім Қаһарманқызы өзінің кәсібилігін арттыру мақсатында әрдайым түрлі әдістерді қолданады. Айтуынша, қамаудағы азаматтардың санасы психологиялық травмаларға толы дейді. Олардың барлығы бала кезден бастап тұлғаға сіңіп кеткен. Темір тордың ар жағына түсудің бірден-бір себебі осы дейді психолог маман.

Әйгерім Зағытова, 162/4 түзету мекемесінің аға инспектор-психологы:

Олар ішкі жан дүниесіндегіні айт алмайды, ішінде өзін мазалаған мәселесін жеткізе алмайды. Бала кезден қалыптасқан травмаларды білу үшін осы фигуралар арқылы оны зерттейміз. Көп жағдайда, проблеманың барлығы отбасынан басталады.

Әйгерім Қаһарманқызы, тіпті, қарапайым арт-терапия арқылы оның өткен өмірі, қазіргі ойы мен болашаққа деген көзқарасын анықтай алады. Түрмедегі темірдей тәртіпті қадағалайтын ол ошағына оралғанда аналық мейірімі тасыған отанасына айналады. Екі қыздың анасы мамандықтың оңайы болмайды дейді.

Әйгерім Зағытова, 162/4 түзету мекемесінің аға инспектор-психологы:

Біз психолог маманы ретінде күні бойы тузету мекемесінде жүреміз. Кешке үйімізге қайтамыз. Жұмыстағы энергияны, атмосфераны үйгу апаруға болмайды. Үйде мен жолдасыма жар, балаларыма ана, дос боламын. Сондықтан екі жақта үлгеруім керек.

Қылмыстық-атқару жүйесінде психолог болуы -қызығы мен қиындығы мол мамандық. Әйгерім Қаһарманқызы қызмет бірге отбасын бірге алып жүруге тырысады.

Әйгерім Зағытова, 162/4 түзету мекемесінің аға инспектор-психологы:

Мен жұмыстан, кезекшіліктен бөлек өзімді толығымен отбасыма арнаймын. Ең бастысы демалыс күндері отбасыммен демалып, үйдегілерді тәтті-дәмділерді дайындағанды ұнатамын.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар