ШҰҒЫЛ! "5-20-25" ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР

20:15, 10 қыркүйек 2019

Кейбір адамдардың банктердегі несиелері жабылып, жұрт абыр-сабыр болып жатыр. Басында сенбегендер телефондарына смс хабарлама келіп, айран асыр. Қазір, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен банктердің есігін тоқпақтағандарда есеп жоқ. Кімдер үкіметтің рақымшылығына ұшырап, кімдердің қарызы кешіріледі.

26- маусымда Мемлекет басшысы ел азаматтарының несиеслерінің бір бөлігін жабу жөнінде жарлық шығарды. Осыдан кейін Үкімет қаулы қабылдап, ұлттық банк жұмысының негізгі екі бағыты анықталды. Бірінші бағыт аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін үш жүз мың теңге қарыз өтеледі. Осы санатқа көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және мүгедек балалары бар отбасылар кіреді. Екінші бағытта айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша берешекті есептен шығару бойынша жұмыс жасалынады.

Ердос Спандияров, ҚР ұлттық банкі поф директорының орынбасары:

Екінші бағыт бойынша жұмыс 30 шілде күні толығымен аяқталды. Шамамен 1 млн 200 мың азаматтар мемлекеттен 33 млрд теңгеден астам көмек алды. Егер Павлодар облысына қарайтын болсақ, бұл бағытта 59 мың азаматтар қамтылды. Көмек сомасы 1,6 млрд теңгеден асты.

Облыс орталығына қарасты Кенжекөл ауылының тұрғыны Айдос Құрманғалиұлының телефонына банктегі несиесінің біраз бөлігі жабылғандығы жайлы хабарлама келген. Жалғызбасты әке 10 жыл бұрын жұбайынан айырылған. Қазір үш баланы өзі тәрбиелеп отыр.

Айдос Құрманғалиұлы, Кенжекөл ауылының тұрғыны:

Біріншісі банктен, 2 пайыздық несиемен үй берілетін болды. 10 млн.теңге ақша берді. Одан кейін ҚР Президентінің жарлығымен жаңағы несиен төленді деген ұялы телефоныма, 207 мың 9 теңге ақша төленді деген смс келді. Қуанышымда шек жоқ.

Халық арасында бұл жеңілдіктерді нақты кімдер пайдалана алады? Берешегі барлар тізімде болмаған жағдайда не істеу керек? Деген сауал сан саққа жүгірген. Азаматтарға банктер мен қаржы ұйымдарына барудың қажеті жоқ. Тиісті жұмыстарды мамандар өздері жүргізеді. Кейін азаматтардың телефонына смс ескертулер жолданады.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІП ПЕН САҚТЫҚ
11:53, 21 қараша 2019
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІП ПЕН САҚТЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"5-20-25" ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ
12:34, 19 қараша 2019
"5-20-25" ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...