Наурыз мерекесі қарсаңында 100-ге жуық шара ұйымдастырылмақ

Наурыз мерекесі қарсаңында Павлодар қаласының мәдени орталықтарында 100-ге жуық шара ұйымдастырылмақ. Олардың қатарында мәденпи-танымдық көрмелерден бастап, елімізге танымал күміс көмей әншілердің қатысуымен өтетін ірі концерттер бар. Наурыз мерекесін өңіріміз жылдағыдан өзгешерек тойлауға шешім қабылдағаны белгілі. Бірақ, 22-сі күнгі орталық алаңдағы концерттік бағдарлама мен театрландырылған қойылымым өз орнында. Оған «Ұлытау», «Асыл» топтарымен бірге Ерке Есмахан, Гүлнұр Оразымбекова сынды танымал эстрада әншілері қатысады.

16:37, 17 наурыз 2017   233

Наурыздың он тоғызы мен жиырма төрті аралығында Павлодар қаласындағы әр түрлі кітапханалар мен музейлерінде мәдени-бұқаралық көрмелер наурыз мерекесіне арналып көптеп ұйымдастырылу жоспарланған. «Шаңырақ» орталығында өтетін «Науырыз аруы» байқауы 19-ы күніне Естай атындағы мәдениет сарайындағы цирк әртісі Мұрат Мұтырғановтың шоу концерті 19-ы, 20-сы күндерінее жоспарланған. 21-і күні Павлодар қаласының кинотеатрларында «Наурыз КЗ» комедиялық көркем фильмінің көрсетілімі күні бойы болады. Дәл осы 21-і күні «Алаштың асылы- ұлтының жасыны» атты облыстық ақындар айтысы «шаңырақ» орталығында өтеді. Бұл мерекелік концерттер легі Естай атындағы мәдениет сарайындағы дәстүрлі әншілер Айгүл Қосанова мен Гүлмира Саринаның концертіне ұласады. Ал, 22-сі күні сағат 11-ден бастап Орталық жағайда танымал эстрада әншілерінің конценрттік бағдарламалары мен театрландырылған қойылылым, әр түрлі ұлттық ойындардың сайысы мен қолөнер шеберлерінің көрмесі сағат үшке дейін жалғасады.

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26