ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МЫСЫҚТАР МЕРЕКЕСІ

15:18, 3 наурыз 2020

Көктемнің алғашқы күні халықаралық мысықтар күнімен тұспа-тұс келеді. Осыған орай, «Сердца Павлодара» қоғамдық ұйымы қайырымдылық кешін ұйымдастырды.

Мысықтардың мерекесі күні павлодарлық белсенділердің бастамасымен қайырымдылық концерті өткізілді. Бұл кеш – кез-келген адамға арналған. Әртістердің өз өнерлерін көрсетіп, өрмекшілер мен сарышаяндардың көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, көрмеде ерекше тұқымды иттер де болды. Билеттің құны – 500 теңге. Жиналған қаржының барлығы Павлодардағы панасыз қалған және жаралған жануарларға арналған оңалту орталығының қажеттілігіне аударылады.

Ольга Савенко, «Сердца Павлодара» қоғамдық ұйымының волонтері:

Өткен жылы қалалық әкімдік пен демеушілердің көмегімен бізге жеке ғимарат берілді. Халықаралық мысықтар күні қайырымдылық концерт ұйымдастырдық. Билеттерден жиналған қаржы - панасыз қалған және жараланған жануарларға арналған оқшаулау ғимарытының құрылысына жұмсалады.

Мына мысықтың аты Хабиб. Орталықта ол жақында ғана пайда болды. Қазірдің өзінде жаңа отбасына баруға дайын.

Орталықтың тағы бір тұрғыны –  Сулпак есімді мысық. Ол үйсіз жүрген кезінде жарақат алып, бір аяғынан айырылды.

Ольга Савенко, «Сердца Павлодара» қоғамдық ұйымының волонтері:

Оның аты – Сулпак. Оның аяғын трамвай басып кетті. Сондықтан, біздің орталыққа алып келді. Ол өзіне жаңа отбасы іздейді.

Табиғат ананың әр перзентін аялап, оларға қамқорлық жасау. Оңалту орталығының ұраны осындай. Бүгінде орталықта 100ге жуық жануар тұрады. Оның 60-сы мысық болса, 40-ға жуығы ит. Олардың барлығы әлеуметтік өмірге үйретіліп, зарарсыздандырылған. Сол себепті, төрт аяқты жануарлар жаңа отбасыға баруға әзір.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА, Сабина РАХЫМБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар