Қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік нысандарға деген қолжетімділігін анықтауға арналған рейд өтті

14:15, 10 тамыз 2017

Павлодарда «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік нысандарға деген қолжетімділігін анықтау жөніндегі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жұмыс тобының рейді өтті. Жалпы, қалада 900 әлеуметтік нысан бар. Бүгін оның бірнешеуіне тексеріс жұмыстарын жүргізген комиссия мүшелері бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Топ мүшелері қаланың бірнеше нысанын аралады. Соның ішінде «Қазпочта» АҚ бар. Комиссия мұндағы мүгедектерге арналған пандус тым тар, ені бекітілген стандарттарға сай келмейтінін анықтады. Ғимарат ішінде де мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергілер бар екені көрінеді. Бұдан бөлек,  «Қызметкерлерді көмекке шақырту тетігі де» жұмыс істемейді. Әрі, пандустардың ұстайтын қанаттары жоқ.

АЛЕКСАНДРА БОБКОВА,  «Қолжетімді Павлодар» жобасының жетекшісі

Әрі қарай рейдтік жұмыс тобы «Теміржолшылар» емханасына ат басын бұрды. Мұнда жылжымалы пандус орнатылған. Оның қолжетімділігін тексеру мақсатында кеңес мүшелері арбаға танылған азаматты шақырды. Бұл жерде де олқылықтар табылды. Эксперимент сәтсіз аяқталды. Электронды арбаны биікке көтеру барысында, доңғалағына зақым келді.

100 адамнан құралған «Сострадание» мүмкіндігі шектеулі  жандар орталығының жетекшісі Елена Юрченконың сөзінше, бұрындары әлеуметтік нысандарды тексеру жұмыстарына мүгедектерде қатысатын. Ал, жаңа заң бойынша олар  кеңес қатарынан алынып тасталынды.

ЕЛЕНА ЮРЧЕНКО, «Сострадание» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

25 жасар Артур  Руссман туа біткен церебралды сал ауруына шалдыққан. Оның тек элекронды арбаның көмегімен қозғалуға мүмкіндігі бар. Сол себепті де,  пандустардың  барлық талаптарға сай болуы маңызды дейді,-жас жігіт. Сондай-ақ, Артур өте белсенді. Ол әлеуметтік желіде жеке блогын ашып, осындай жағдайға тап болған достарына үнемі ақыл-кеңесін беріп отырады.

АРТУР РУССМАН, Павлодар қаласының тұрғыны

Партиялықтар қаладағы басқа да әлеуметтік нысандарды аралады. Кемшіліктер табылған барлық мекемелерге ескертулер айтылып, алдағы уақытта  олқылықтардың  жойылу қажет екенін хабарлады. Талапқа сай пандустардың ені - 1 метр, биіктігі баспалдақпен деңгейлес болу шарт. Қол тұтқаларының арақашықтығы мен көлбеулігі сай болу керек. Ал, тағдырдың тәлкегіне түскен  жандардың өміріне қолайлы жағдай жасау -  қоғамның басты талабына айналса игі!

Тақырып бойынша материалдар

Ленин кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен бүркітшілер сайысы болды
18:46, 22 қаңтар 2018
Ленин кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен бүркітшілер сайысы б...
Толығырақ...
Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі
18:22, 22 қаңтар 2018
Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтк...
Толығырақ...
55/12 сарбаздары Отан алдында ант берді
18:08, 22 қаңтар 2018
55/12 сарбаздары Отан алдында ант берді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖОСПАР БЕКІТІЛДІ
13:34, 19 қаңтар 2018
ЖОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ЖОСПАР БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
Берковский жұртшылықпен кездесу өткізді
18:26, 17 қаңтар 2018
Берковский жұртшылықпен кездесу өткізді
Толығырақ...