ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫ 17-МАМЫРДАН БАСТАП АУЫЗ БЕКІТЕДІ

10:55, 15 мамыр 2018

Биыл Қасиетті Рамазан айы мамырдың 17-нші жұлдызынан басталады. Астрономиялық құбылыстарға байланысты ұлық ай 1 күнге шегерілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында өңірдің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы мәлімдеді. Бастапқыда 16-мамырда басталады деген Ораза неліктен 1 күнге кешіккенін тілшіміз Өзгеріс Қуанар біліп көрді.

Өңірдің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлының айтуынша, бұндай шешімді ҚМДБ ғұламалар кеңесі ғылыми зерттеулер орталығының  берген дәйегіне орай қабылдаған. Сондай-ақ,  өкіл имам Рамазан айы уақытының өзгеруі мүмкін деген хабарлама Ораза кестесінің соңында жазылғандығын айтуда.

Сонымен, осы жылы Ораза 29 күнге созылуы мүмкін. Ал қасиетті қадір түні маусымның 11-нен 12-не қараған түнге сәйкес келеді деп болжануда. Сондықтан өңір имамдары Ораза кестесінде әлі де өзгерістер болуы мүмкін деп топшылап отыр. Қасиетті айда жылдағыдай  қайырымдылық шараларымен қоса Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 160 жылдығына орай діни мақалалар байқауы ұйымдастырылады. Сайыс өңір имамдары мен жастар арасында жеке-жеке өткізілмек. Байқау жеңімпаздарына  қаржылай сыйлықтар қарастырылған. Мәселен, 1-орынға 160 мың теңге қойылса,  екінші, үшінші орынға 100 және 70 мың  теңгелік ақшалай сыйақы тігіліп отыр.

Өзгеріс ҚУАНАР

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, 

Тақырып бойынша материалдар

ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛҒАН ТҰЛҒА
18:45, 11 қазан 2018
ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІС...
Толығырақ...
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЛАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДА БІРЕГЕЙ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
19:04, 10 қазан 2018
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЛАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДА БІРЕГЕЙ ЖОБА ҚОЛҒА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар