ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАРДА ДА «MEN QAZAQPYN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Мұражайға тапсырылған қолөнершінің құнды сыйы

14:21, 17 мамыр 2017

Майра Шамсутдинова атындағы мұражайға қолөнерші Қылышбек Құрмантегі «Қазақ қолөнерінің классигі» Қамар Қасымов жасаған домбыраның үлгісін жасап тапсырды. Домбыраны жасауға аталмыш мұражай басшылығы қолқа салған екен. Енді Қамар Қасымовға арналған мұражай бұрышы тағы бір құнды мұрамен толыға түсті.

Еуропалықтар «Қазақ қолөнерінің классигі» деп атаған Қамар Қасымов саз аспаптарын жасайтын қазақтың тұңғыш қол өнер шебері.  Ол  кісі жасаған  музыкалық асапатары  әлі күнге дейін  ел ішінде қолданылып келеді. Майра Шамсутдинова атындағы мұражайдың басшысы Ерлан Рахымов  белгілі қол өнер шебері  Қылышбек Құрмантегіге  Қамар Қасымов жасаған  домбыраның үлгісін  жасап беру жөнінде қолға салған екен. Бүгін осынау құнды мұраны  шебер  мұражайға арнайы әкеліп тапсырды. 

ЕРЛАН РАХЫМОВ, Майра Шамсутдинова атындағы мұражайдың директоры

Қол өнер шебері  бұл өнер туындысын жасауға 2 ай уақыт жұмсаған.  Домбыраны түрлі ою-өрнектермен  көмкеріп, әшкейлеген.  Шебер  түп нұсқадан  айнытпай жасауға бар күш жігерін  салып баққан көрінеді.

ҚЫЛЫШБЕК ҚҰРМАНТЕГІ, шебер  

Аталған  мұражайда  қазақтың ұлттық саз аспаптарына да орын берілген.  Домбыраны салтанатты  түрде тапсыру шарасы аясында ПМПИ  студенттері жасаған аспаптар көрмесі  өткізілді.  Оған  қала мектептерінің  ұстаздары  арнайы қатысып,  қазақтың төл туындыларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. 

Автор: Өзгеріс Қуанар

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ШЕТ ЕЛДЕН КЕЛЕТІН 30 ОТБАСЫН ҚАРСЫ АЛУҒА ДАЙЫН
11:04, 18 мамыр 2018
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ШЕТ ЕЛДЕН КЕЛЕТІН 30 ОТБАСЫН ҚАРСЫ АЛУҒА ДА...
Толығырақ...
БОЛАТ БАҚАУОВ АСТАНАДА БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
10:39, 18 мамыр 2018
БОЛАТ БАҚАУОВ АСТАНАДА БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ШАЛДАЙДА «САРБАЗ» ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
12:04, 17 мамыр 2018
ШАЛДАЙДА «САРБАЗ» ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НҮКЕНОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ
09:47, 17 мамыр 2018
НҮКЕНОВ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРҒЫНДАР САУАЛЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАДЫ
10:05, 15 мамыр 2018
МЕГАЖОБАҒА 18 БЕН 40 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕРПАЗДАР ҚАТЫСА АЛАД...
Толығырақ...
 «MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АҚСУДАН БАСТАЛДЫ
20:29, 15 мамыр 2018
«MEN QAZAQPYN» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АҚСУДАН БАСТАЛД...
Толығырақ...