ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

18:41, 15 қазан 2019

Павлодарда мүгедектер ісі жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл кездесу 25 қазанда өтетін "фракция" күні қарсаңында ұйымдастырылды.

"Nur Otan" партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Болат Бақауов алдағы уақытта Ертіс өңірінде мүгедектерді қолдау тақырыбын мұқият пысықтау үшін барлық мәселелер мен ұсыныстарды жинауды тапсырған болатын. Жұмыс тобына барлық топтағы мүгедектер кірді. Бір ай ішінде түрлі алаңдарда барлық ұсыныстарды жинау жоспарланып отыр, -дейді, Илья Теренченко. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Зарина Аленова мүгедектерге көмек жүйелі түрде көрсетілетінін атап өтті.

Зарина Аленова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

Чаще всего к нам обращаются за тефлотехническими изделиями. Көбінесе тифлотехникалық бұйымдарға, протездерге, кресло-арбаларға керек деп адамдар жүгінеді.  Жыл сайын қаржыландыру көлемі ұлғайып келе жатқанына қарамастан, барлық мұқтаждарды қамтамасыз ету мүмкін емес. Комиссия отырысы барысында түрлі пікірлер мен өтініштер айтылды. Мысалы, Елена Юрченко санаториялық емге жолдамалардың болмауы мәселесін көтерді.

Елена Юрченко, «Сострадание» ҚБ төрайымы:

Курорттық емделуге бізде қажеттіліктің аз бөлігі қаржыландырылады. Ал қаншама адамдарға мүндай ем қажет? Биылғы жылы өтініш қабылданбады. Мен біреу, өтініш жазып, тапсырдым дегенді естімедім.

Жұмыс тобының мақсаты-әрбір мәселені пысықтау, барлық ұсыныстарды тыңдау және оларды одан әрі шешу. Алдағы уақытта жоспарға енгізілген мәселелер шешімін таппақ.

 

Аяулым  РАХИМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
10:01, 13 қараша 2019
ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
11:26, 6 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...