Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар облысына іс-сапармен келді

18:25, 12 қыркүйек 2017

Өңірімізге «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед іс сапармен келді. Сапар барысында ол аймақтың индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар түсті металлургия колледжінде болып, оқу орның материалдық-техникалық базасымен танысып, жаңадан салынған Студенттер үйін аралып көрді.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед сапарын алдымен Павлодар түсті металлургия колледжінен бастады. Мұнда ол оқу орнының материалдық-техникалық базасын аралап көріп, колледждің практикалық  орталығындағы шәкірттердің кәсіпке бейімделу бағытындағы  жұмысымен танысты.  Бүгінде түсті металлургия колледжі аймақтағы өндіріс ошақтарына қажетті токарь, слесарь,  электрогазбен дәнекерлеуші, электро-монтер, техник-металлург сияқты сұранысқа ие мамандарды даярлайды. Аталмыш оқу орнының түлектерін Қазақстанның  алюминий және электролиз зауыттары мен басқада ірі кәсіпорындары жұмыспен қамтып отыр. Бұл жайында  аталған өндіріс нысандарымен  меморандум да жасалған. Қазіргі таңда  колледж студенттері дуалды оқыту  бағдарламасы арқылы  білім алуда. Студенттермен кездескен Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед  аталмыш  білім жүйесінің басты ерекшелігін тізіп берді.           

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары

Бүгінгі күнде аталмыш оқу орны шәкірттердің алаңсыз  білім алуына мүмкіндік жасаған. Жаңа оқу жылының басында 200 орындық  «Студенттер үйі» қолданысқа берілді. Жаңадан салынған жатақханада ізденушілерге барлық жағдай жасалған. 

Аталмыш  нысанмен  танысқан Мұхтар Құл-Мұхаммед  жатақханаға оң бағасын беріп, студенттерге енді барынша біліммен қарулану керектігін тілге тиек етті.  Өйткені,  бұл заман  Елбасымыз айтқандай, бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. Сондықтан да, жастарға үлкен сенім артылып отыр. Сол үддеден шығу үшін білім алып ғана қоймай, жастарға шет тілін де меңгеру заман талабы. Осы орайда партия Басшысының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгінгі таңдағы  өзекті мәселеге айналған қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу турасында өз пікірін ортаға салды.

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары

Бұдан әрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодардың еркін экономикалық аймағындағы жаңадан бой көтерген «Гиссенхауз» кәсіпорынында болды. Қоспалы алюминий өнімдерін дайындайтын өндіріс ошағы алғашқы қалайы құймаларға да қол жеткізді. Бұл қоспалы дайын өнімдерден тұрмысқа қажетті профиль, көлік дискілері секілді тұтыну заттары жасалады. Бұл ретте кәсіпорын өз аумағы жаныннан автомобиль дискілерін шығаратын  цех ашуда да  жоспарлап отыр. Оған Ресейлік компания қызығшылық танытып, Қазақстанда бұл бизнес түрін дамтытуға ерекше мүдделі екендіктерін білдірген.

Сонымен қатар облыс орталығында индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында  минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық қоспалар мен билогиялық дәрі-дәрмек өнідіретін «АгроХимПрогресс» зауыты да іске қосылды. Бүгінде бұл кәсіпорын Қазақстандағы сұранысқа ие химиялық препараттардың 40 %-ін шығарады. Оның басты ерекшелігі, зауыттан шығатын зиянды қалдықтарды ауаға таратпай жойып жіберетін заманауи құралдармен жабдықталуында болып отыр. Осының барлығын көзбен көрген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Павлодар облысының дамуын жоғары бағалап, осынау жетістіктердің барлығы Елбасының ерекше қамқорлығының нәтижесі екендігін атап өтті.

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары

Қазіргі таңда Павлодар еркін экономикалық аймағында 6 бірдей иновациялық кәсіпорын жұмыс істеуде. Болашақта тағы 6 өндіріс орны іске қосылады деп жоспарлануда. Осылайша мемлекеттік бағдарламаның 5 жылдығы аясында өңірде 35 жоба жүзеге асатын болады.         

Тақырып бойынша материалдар

Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
20:25, 22 қыркүйек 2017
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
20:23, 22 қыркүйек 2017
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
20:13, 22 қыркүйек 2017
Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
Толығырақ...
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
19:00, 19 қыркүйек 2017
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
Толығырақ...