ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

МҮГЕДЕКТЕРГЕ ЖАСАЛҒАН МҮМКІНДІК

11:37, 13 ақпан 2020

Мүгедектерге де мол мүмкіндік жасалып жатыр. Әсіресе, арбаға таңылған тұрғындардың үйге кіріп шығуына жағдай жасалуда. Өйткені, олар көп жағдайда осы жағынан ыңғайсыздыққа ұшырап жатады. Ол үшін жанына тағы бір көмекші керек. Павлодар қаласы әкімінің жеке қабылдауында болған тұрғындардың бірі мүгедектер арбасын лифтіге дейін көтеретін құрылғы орнатып беруді өтінген. Құрылғы бүгінде пайдалануға берілді.

Бұл Сарыарқа ықшам ауданына қарасты Ломов көшесіндегі 154/4 үй. Осы мекен жайда екі мүгедек адамға қарап отырған зейнеткер Марғұлаш Әбдіғалымова тұрады. Дәл осы кісінің  өтінішінен кейін, қалалық әкімдік демеуші іздеуге кіріскен. Мұндай сауапты іске қол ұшын созған мердігерлер өз компанияларын жария етуден бас тартты.

Батырхан Қасымов, қалалық жұмыспен қамту бөлімінің  әлеуметтік бағдарламалар  секторының меңгерушісі:

Павлодар әкімшілігі бірден демеушілердің көмегіне жүгінді. Себебі, бюджеттік бағдарламалар аясында мұндай көмек түрі көрсетілмеген. Бұл платформа толығымен демеушілердің қаражатына салынған. Қазіргі таңда қолданысқа берілді.

Бұл үйдегі үш пәтерде мүгедектер арбасымен жүретіндер тұрады. Қазіргі таңда бұл санаттағы тұрғындар үшін аталмыш құрылғы өте тиімді болып отыр. Пәтер иелері кооперативі басшыларының сөзінше жарымжан жандар үшін  үйге кіріп-шығу жеңілдеген.

Вадим Жамаутдинов, ПИК өкілі:

Бұл құрылғы орнатуға себепкер болған 9-шы пәтердің тұрғындары. Өйткені арбамен далаға шығу қиын. Бірнеше адамның көмегі керек. Біріншіден қалалық әкімшілікке рахмет. Демеушілерге де алғысымыз шексіз.

Бұл көпқабатты тұрғын үй екі подъезді. Екінші подезде де арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Бірақ, аталмыш құрылғы ол жаққа жете қойған жоқ.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 3 сәуір 2020
ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...