ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

МИНИСТР ЖУРНАЛИСТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

10:09, 16 қараша 2019

Жаңа медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылуына бір айдан аса ғана уақыт қалды. Жүзеге асқан ауқымды реформаның қазақстандықтарға қаншалықты маңызды екені жөнінде денсаулық сақтау министрі журналистермен кездесуінде айтып өтті.

Елжан Біртанов көптеген жылдар ішінде алғаш рет денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың жалпы сомасы 50-60 пайызға артатынын атап өтті. Егер бүгін елімізде кепілдендірілген тегін медициналық қызмет көрсету үшін жылына шамамен триллион теңге қарастырылса, жаңа жылдан бастап бұл сома бір жарым триллионға дейін артады. Павлодар облысында 40-тан артық миллиард теңгеге дейін өседі.

Елжан Биртанов, ҚР денсаулық сақтау министрі:

Егер жалпы ұлттық шығындарды алсақ. Біздің денсаулыққа жұмсаған бар қаржымыздың 40 пайызы азаматтардың қалтасынан шығады. Яғни, 60 пайызы сақтандыру, мемлекеттік, жергілікті бюджет. Шынына келсек, бұл онша жақсы сан емес. Халықаралық сарапшылар жаһандық елдердің тәжірбиесін зерттеп, 20 пайыздан аспауы керектігін ұсынған. Себебі, халық шұғыл ем қабылдау үшін үйін, көлігін сатуға, шоттағы жинағын шешуге мәжбүр болады. Жалпы, бұл жағдай бәрімізге таныс деп ойлаймын.

Биылғы жылы дәрі-дәрмек сатып алуға 200 млрд теңге жұмылдырылған болса, келесі жылы бұл көрсеткіш 300 млрд теңгеден асады. Денсаулық сақтау министрі сондай-ақ міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында 1500 өнім беруші өз қызметтерін көрсетеді, олардың 52 пайызы жеке клиникалар болмақ. Алдағы 1 қаңтарға дейін 200 мың медицина қызметкерлерін оқыту міндеті тұр.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА, Дария ЖҰМАБЕКОВА

                                                                               

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...